Сенбі, 23 Қараша 2024
2424 0 пікір 14 Тамыз, 2019 сағат 18:20

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен үй алған бақытты отбасылар көбейуде

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өткен жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел халқының күнделікті өмір сүру деңгейін қазіргіден де жоғарлатуды тапсырды.

Қазақстан халқының болашағы үшін аса маңызды Жолдаудың ІІІ тармағы "Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру" деп аталған еді. Осы тараудың бірінші тармағында азаматтарға сапалы әрі қолжетімді тұрғын үй салу керек екені айтылды.

Тұңғыш Президент Қазақстан халқының баспаналы болуы үшін әрдайым шешуші бағдарламаларды ұсынып келеді. Елбасы басты назарда ұстап отырған баспана мәселесі жыл сайын жақсы қырынан өз шешімін тауып жатқанын көріп отырмыз. Елбасының Жолдауда айтқан сөзін қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз:

Бүгінде біз тұрғын үй құрылысына зор серпін беріп отырған «Нұрлы жер» бағдарламасын табысты іске асырудамыз. Тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыратын жаңа ауқымдағы «7-20-25» бағдарламасы қолға алынды. Әкімдерге жергілікті бюджет есебінен жеңілдетілген ипотека бойынша алғашқы жарнаны ішінара субсидиялау мәселесін пысықтауды тапсырамын. Мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру біліктілігі жоғары педагогтер, медицина қызметкерлері, полицейлер және өңірге қажетті басқа да мамандар үшін ипотеканың қол жетімділігін арттырады.

Сондай-ақ, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары үшін ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын ұлғайту қажет. Бұл шаралар 250 мыңнан астам отбасы үшін тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Бюджет есебінен салынатын жаппай құрылыс алаңдарына арналған инженерлік инфрақұрылым жүргізуді қоса алғанда, мемлекет бес жыл ішінде 650 мың отбасыға немесе 2 миллионнан астам азаматтарымызға қолдау көрсетеді, - деген болатын Елбасы.

Елбасы берген осы тапсырмаларға орай еліміздің түкпір-түкпірінде қызу құрлыс жұмыстары жүріп, топ-тобымен тұрғын үйлер салынуда. Мемлекеттік бағдарламамен тұрғын үй алған қазақстандықтардың санында шек жоқ деуге болады. Бұл жұмыстар алда да дәл осындай бағытта, осындай қарқынмен жалғасады деп сенеміз.

Осындай игі шаралардың бірі жақында Талдықорған облысында орын алды. Атап айтқанда, Талдықорғандық Эльвира Тулақбаева «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасымен Алматы облысы бойынша алғашқы үй алған тұрғын болып тіркелді.

Айта кетйік, «Бақытты отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының талабына сай банк ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасыларға емес, төлем қабілеті бар көпбалалы отбасылардың пәтер мәселесін қарастырады. Мысалы, отбасында төрт баласы, әке-шешесі бар делік. Ата-анасының табысы 96 мың теңге болса, бұл бағдарламаға қатыса алады. Егер жалақысы өте жоғары болса, қатыса алмайды. Оларға 2 пайыздық несиемен тұрғын үй беріледі. "Бақытты отбасы" бағдарламасымен баспана алу үшін ешқандай кепілдік қажет емес. Тек табыс 53 мың теңгеден жоғары болса болды.

Талдықорған қалалық "Нұр Отан" партиясы филиалы төрағасы, қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» арнайы келіп, "Бақытты отбасы" бағдарламасымен үй алған алғашқы тұрғынды құттықтады.

Ал өз кезегінде Эльвира Мұхтарқызы тұрғын үйге қол жеткізген қуанышын былай жеткізді:

"«Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасын енгізген мемлекетке рақмет. 2 пайызбен ипотекалық несие беру –халыққа өте үлкен көмек", – дейді Эльвира Мұхтарқызы.

Қазіргі уақытта Талдықорған қаласында 246 адам «Бақытты отбасы» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына өтініш білдірген. Ал олардың 84-і комиссиялық байқаудан өткен. Қалған азаматтар байқаудың нәтижесін күтуде.

«Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы – несиеге үй алуға жеңілдік ретінде құрылған бағдарлама. Несие жылына 2 пайыздық мөлшерлемемен 19 жылға беріледі. Алғашқы жарна көлемі – 10 пайыз. Егер бағдарламаға қатысуға ниет білдірген көпбалалы, әл-ауқаты төмен, мүгедек баланы асырап отырған жалғызбасты аналар немесе әкелер алғашқы жарнаны төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда әкімшілік тарапынан 1 млн теңге көлемінде тұрғын үй сертификатын алуға мүмкіндігі бар.

Бірақ, бағдарлама шартына сай олар баспанаға мұқтаж отбасылар санатына жататынын анық дәлелдеуі керек. Ол үшін атқарушы органнан кө балалы отбасы екенін дәлелдейтін анықтама алып, оны банкке тапсырады. Бұл бағдарламаға қатысушыларға қойылатын ең басты талап – Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшысы болуы міндетті. Олай болмаған жағдайда, банктен дербес шот ашуға құқы бар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5533