Сәрсенбі, 30 Қазан 2024
Жаңалықтар 2112 0 пікір 19 Тамыз, 2019 сағат 10:55

Елбасы Жолдауынан кейін жалақы жоғарылады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың әл-ауқатын арттыру басты мақсат екенін атап өткен еді.

Аталған жолдаудың І тарауы "Халық табысының өсуі" деп аталады. Онда Тұңғыш Президент азаматтардың табысын арттыру үшін қалай жұмыс жасау керек екенін тапсырады. "Мемлекет пен адамдардың күш біріктіруінің арқасында ғана біз Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құра аламыз" дейді Елбасы.

Егемен елдің, Қазақстанның әрбір азаматы мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан еліміздегі әрбір азамат мемлекеттің шексіз қамқорлығын сезіне алуы керек. Осы мақсатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ширек ғасыр бойы тынбай еңбек етіп келеді.

Азаматтардың әл-аухатын көтеру мақсатында, Елбасы ең алдымен Үкіметке 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіруді тапсырды. Одан кейін бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қызметкердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өсіруді тапсырды. Осы тапсырмаларды жүзеге асыру үшін 2019-2021 жылдарда  республикалық бюджеттен жыл сайын 96 миллиард теңге бөлу керек екенін айтқан еді.

Тұңғыш Президенттің осы тапсырмаларына байланысты Қазақстан Республикасының Салық кодексіне біршама өзгерістер енгізілді. Бұның ішінде ең жағымды жаңалық айына ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 процентінен аспайтын жалақы алатын азаматтар үшін жеке табыс салығын он пайыздан бір пайызға дейін төмендету шешімі қабылданған болатын.

Елбасы тапсырмасына сай жалақыны көтеру жұмысы еліміздегі барлық бюджеттік құрлымдардың қызметкерлерін қамтыды. Мұғалімдер, дәрігерлер, мектепке дейінгі білім беру қызметкерлері, мәдениет саласының қызметкерлері және спорт әлемінің қызметкерлері болсын бәрі де Елбасының тапсырмасына сай жоғарлатылған жалақыға қол жеткізді.

Енді ресми мәліметтерге кезек берейік, 2019 жылдың екінші тоқсанында елімізде бір жұмысшының орташа айлық жалақысы 186,5 мың теңге болды. Бұл дегеніміз айлық бір жылда 14,6% өсті деген сөз. Егер инфляция мен сатып алу жарамдылығын алып тастасақ, жалақының нақты өсімі 8,9% болады. Ерекше айта кетерлігі, бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіш саналады.

Елбасы былтырғы Жолдауында жалақыны көтеру туралы тапсырма бергенін айттық. Ал биыл 27 ақпанда өткен «Нұр Отан» партиясының съезінде осы мәселеге қайта айналып соққан Елбасы бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын бірден отыз пайыз жоғарлатуды арнайы тапсырды. Әрі маусым айының басынан бастап осы тапсырма іске аса бастағанын да айта кетейік.

Тағы ресми мәліметтер легін сөйлетейік, 2019 жылдың басынан бері Қазақстанда ең төменгі жалақы 1,5 есе көбейді. Әрі ең төменгі жалақы алатын азаматтар үшін салық 10 есе азайды. Әрі бірінші маусымнан бастап бюджет саласы жұмысшыларының жалақысы 30% жоғарылап, қазіргі таңда аз жалақы алатын 1,1 миллионнан астам жұмысшының айлық табысына 31% үстем ақы қосылды.

Мамандардың мәліметіне сенсек, Қазақстанның төрт өңірінде орташа айлық жалақы мөлшері орташа республикалық шамадан жоғары тұр екен. Атап айтқанда, Атырау облысында 74,2%, Маңғыстау облысында 55,2%, Нұрсұлтанда 54,2% және Алматыда 21,9% мемлекеттік деңгейден жоғары. Бұл дегеніміз елімізде қызметкерлердің жалақысы көрнекті түрде жоғарылады деген сөз.

Сөз соңында айтарымыз, Тұңғыш Презиленттің бесінші қазандағы Жолдауына орай елімізде ендігі жерде ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс шегіне байланысты болмайды. Алдағы уақыттарда ең төменгі жалақының жаңа мөлшері бүкіл экономика ауқымындағы жалақы өсімінің көрсеткіші ретінде қарастырылатынын ерекше айта кетуіміз керек.

Біз алғашқы жарым жылдықтың қорытындысына сай жарияланған санды мәліметтерге сүйене отырып, мемлекеттік мекемелер және бюджеттік қызметкерлердің жалақысы көрнекті түрде жоғарлағанына көз жеткіздік. Бұл мәліметтерге қарап елімізде тек бюджеттік қызметкерлердің ғана айлығы көтеріліп жатыр екен деп ойласақ мүлде қателесеміз. Себебі, Елбасының Жолдауын қолдаған кәсіпкерлер мен жеке өндіріс ошақтары да өз жұмысшыларының жалақысын жоғарлатып жатыр. Бұған біз күнделікті ақпарат құралдарында жарияланған хабарлар арқылы көз жеткізіп отырмыз.

Аталған мәліметтерге сүйене отырып, Елбасының кезекті Жолдауы да қазақстандықтардың тұрмыс сапасының жоғарлауына көрнекті үлес қосқанын сенімді түрде айтуға болады. Жолдауда айтылған тапсырмалар алдағы уақытта да өз деңгейінде атқарылатынына сенім білдіреміз.

Abai.kz

0 пікір