Сенбі, 23 Қараша 2024
2672 1 пікір 9 Қыркүйек, 2019 сағат 14:52

Мәскеу қалалық думасындағы орындардың жартысын оппозиция иеленді

Ресей астанасында жексенбі күні өткен сайлау нәтижесі бойынша, оппозициялық үміткерлер Мәскеу қалалық думамындағы 45 орынның жиырмасына ие болды.

Қалалық сайлау комиссиясы сайлау нәтижесін өз сайтында жариялады. Коммунистік партиядан 13 үміткер өтті. 2005 жылдан бері алғаш рет "Яблоко" партиясының өкілдері Мәскеу қалалық думасына енді. Аталған партиясын үш үміткері және партия қолдаған бір үміткер сайлауда жеңіске жетті. "Справедливая Россия" қозғалысының үш өкілі қалалық думаға өтті.

Саясаткер Алексей Навальный "Ақылды дауыс" стратегиясының сәтті шыққанын мәлімдеді. Ол жақтастарын твиттер арқылы құттықтады.

25 орынды өзін өзі ұсынушылар алды. Мәскеу мемлекеттік думасын сайлауға "Единая Россия" үміткер ұсынбады, өйткені партия беделі түсіп кетіп, оның мүшелері сайлауға өзін өзі ұсынған.

"Единая Россия" партиясы Мәскеу бөлімінің жетекшісі Андрей Метельский Коммунистік партия үміткері Сергей Савостьяновтан жеңіліп қалды. Савостьянов "Единая Россия" дауыс беру нәтижесін бұрмалауға тырысқанын хабарлаған.

Мәскеу қалалық думаға ондаған тәуелсіз үміткер қатыстырылмады. Бұның соңы қалада жаппай митингтерге ұласты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401