Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп құпия кездесудің болмайтынын хабарлаған. Бұл кездесуге Кабул қаласында жақында тіркелген жойқын жарылысты ұйымдастырушылар да қатысуы керек болған. Шабуылдан 12 адам қаза тапқан, оның ішінде АҚШ сарбаздары да бар.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео 8 қыркүйекте Ауғанстан жөніндегі арнайы өкіл Залмай Халилзад елге қайтатынын, бейбіт келіссөздер уақытша тоқтағанын жариялады.
Помпео тәліптер "шектен шығып кетті" деп мәлімдеді. "Талибан" аймақтағы зорлық-зомбылықты доғару үшін мойнына алған жауапкершілікті орындай алмайды немесе орындағысы келмейді", - деп мәлімдеді Помпео Fox News телеарнасы эфирінде.
Дональд Трамп қос тараптың өкілдерімен Вашингтон шетіндегі Кэмп-Дэвид резиденциясында, 11 қыркүйек қарсаңында келіссөз жүргізгісі келетінін хабарлаған еді.
18 жыл бұрын 11 қыркүйекте "Әл Каида" террористік тобы АҚШ-та мыңдаған адам мерт болған ірі шабуыл ұйымдастырды. 2001 жылы АҚШ оған жауап ретінде Ауғанстанда әскери операциясын бастады.
Abai.kz