Судья мен прокурор қылмыскерді жақтады
ҚР Бас прокуроры мен Жоғарғы сот төрағасының назарына!
Бір қызымды басып өлтіріп, екіншісін мүгедек еткен қылмыскер еркіндікте қалдырылды
Автокөлік жүргізуге құқы және куәлігі болмаса да, шешесінің көлігін айдап кетіп, қала көшесінде жылдамдықты шамадан тыс арттырып, алдындағы автокөлікті басып озам деген кезде жол бойындағы жасөспірімдерді қағып, солардың арасында болған 16 жасар қызым Балаусаны басып өлтіріп, кішкене қызым Анельді ауыр жарақатқа және тағы бірнеше баланы түрлі дәрежедегі жарақатқа душар еткен Бекболат Ескелдиев тергеушінің табансыздығы, прокурордың солқылдақтығы және соттың бұра таруы салдарынан тиісті жазасын алмай отыр. Сіздерге түсінікті болу үшін жанұямды мәңгі айықпас қайғыға орап, ертеңінен үміт күтіп отырған қызымды мезгілінен ерте солдырған оқиғаны егжей-тегжейлі баяндағанды жөн көріп отырмын.
Құрметті Бас прокурор Асхат Қайзоллаұлы және Жоғарғы сот төрағасы Бектас Әбдіханұлы, оқыңыздар, ойланыңыздар, құқық қорғау саласындағы ұзақ жылғы жинаған тәжірибелеріңізге сүйеніп, біліктілік сарабына салыңыздар. Мүмкін болса, қылмыскердің әділ жазасын алуына, солқылдақтық танытқан судьяның, жәбірленуші тарапты емес, айыпталушыны жақтап кеткен прокурордың тиісті орын алдында жауап беруіне ықпал етіңіздер.

2011 жылдың 4 қаңтары күні Қаскелең қаласындағы Достық көшесінің бойында орналасқан «Сымбат» дүкенінің алдында аса қайғылы аяқталған жол-көлік оқиғасы тіркелді. Анасының шетелдік автокөлігін айдап кеткен 1994 жылдың 5 мамырында дүниеге келген Бекболат Ескелдиев көлігін басқара алмай, жол қозғалысы ережесін өрескел түрде бұзып, жол бойында тұрған жасөспірімдер тобын жайратып кетті. Солардың арасында болған менің 16 жасар қызым Балауса оқиға орнында тіл тартпай кетіп, кішкене қызым Анель ауыр жарақат алды. Сол жерде болған тағы бірнеше жасөспірім түрлі дәрежеде жарақаттанды.
Бекболат Ескелдиев ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлімімен айыпты болып танылды. Дегенмен, Қарасай аудандық сотының судьясы А. Ізбасаровтың төрағалығымен 21 маусымда өткен сот отырысы ҚР Қылмыстық кодексінің 81-бабына сәйкес оны жазалаудан босатып, осы кодекстің 82-бабының 1-бөліміндегі «А, Б, В, Г, Е» тармақшаларына сәйкес, мәжбүрлі түрде тәрбиелік тұрғыда әсер ету шараларын қолдану туралы үкім шығарды. Біз бұған келіспейтінімізді айтып, Алматы облыстық сотына шағымдандық. Алайда аудандық сот отырысында айыпталушы мен оның әке-шешесінің өздерін тым астамшылықта ұстауы, сот пен прокурордың жәбірленуші жақты тыңдамай, солардың айтқанына бас шұлғығаны және судьяның сот қызметіне қатысты бірқатар талаптарды сақтамауы, тағы басқа да келеңсіздіктер жас қызымыздың өмірін қиып, бүлдіршінімізді мүгедек еткен бетімен кеткен бозбастың жазасыз қалуына жол ашады деген күдікпен өзіңізге хабарласып отырмыз. Ендігі көмекті тек сізден күтеміз.
Өз ойымша сот кезінде болған бұра тартулар қатарына мыналарды жатқызып отырмын:
- Басында машинаны біздің рұқсатымызбен айдап шықты деп түсінік жазған және айтқан айыпталушының ата-анасы кейіннен оларынан тайқып шыға келді. Судья оның мән-жайын тексеруге назар аудармады.
- Судья қайғылы оқиғаның барысы мен себеп-салдарына көңіл бөлмеді. Автокөлік ішінде қанша адам отырғанын анықтауға тырыспады. Біздің өзіміз іздеп тапқан куәларды сұрамады.
- Ескелдиевтердің бізден кешірім сұрамақ түгіл, қайғымызға ортақтасып, көңіл айтпағаны да ескерусіз қалды.
- Басты сот отырысынан кейін судья А. Ізбасаров кеңесетін бөлмеге үкім шығаруға кеттім дегенімен, үкімді араға екі апта салып барып жариялады. Толық оқымай қорытынды бөлігіне ғана шолу жасады. Соған қарағанда үкімнің дайын болғанына біраз уақыт өткен және үкім шығарылатыны туралы жәбірленуші тарапты - біздерді хабардар етпеді.
- ҚР Қылмыстық кодекстің 296-бабы былай деп аталады: «Көлік құралдарын басқарушы тұлғалармен көлік құралдарын пайдалануды және жол қозғалысы ережесіне бұзу». Оның 2-бөлімі төмендегіше оқылады: «Адам өліміне әкеліп соқтырған тура осындай әрекет көлік құралдарын басқару құқынан үш жылға айыра отырып, бес жылға дейін бас еркінен айыру арқылы жазаланады». Ал осы кодекстің 67- бабында: «Бірінші рет кісі өліміне немесе денсаулыққа аса үлкен зиян келтіруге байланысты ауыр қылмыс істеген кәмелетке толмаған айыпталушы жәбірленуші тарапқа келтірілген зардаптың орнын толтырып, олармен татуласқан жағдайда ғана аталған кодекстегі 82-бапқа сәйкес қылмыстық жауапкершіліктен босатулы мүмкін» делінген. Айыпталушы Бекбодат пен оның ата-анасы бізден кешірім сұраған жоқ және өйтуге ұмтылмады да. Соған сай оларға біздер кешірім бергеніміз жоқ. Сонда соттың айыпталушыға 82-бапты қолданып, сот залынан босатып жіберуін қалай түсінуге болады. Қылмыстық кодекстің 15 бабында айтылған: «Қылмысты істеген кезде он алты жасқа толған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады» деген сөздің де бекер болғаны ма? Өйткені Бекболат Ескелдиев алдағы мамырда он алтыға емес, он сегізге толады.
Әйтеуір, әзірге жауабы көп сауалдар санамызды сансыратып, сандалтып қойды. Бір адамның өліміне және тағы бірнеше адамның жарақаттануына себепкер болған бозбас болса, түк болмағандай көше кезіп, кезекті құрбандығын іздеп жүр. Тіпті адамгершілік тұрғысынан алғанда қылмыскерді жазасыз жібергендері жөн емес. Балауса атты балғын қызымызды жер қойнына беріп, екінші сәбиіміздің денсаулығын қалай қалпына келтіреміз деп уайым шегіп жүрген біздерге қылмыскердің тайраңдап жүруі, оның ата-анасының бізге мысқылдай қарауы соншалықты батады жанымызға. Сот пен құқық қорғау органдарынан әділет кетсе, өз күшімізге сену ғана қалған шығар. Барлық үміт өздеріңізде ...
Манарбек Хамзин.
Алматы облысы, Қарасай ауданы,
Қаскелең қаласы, Өмірәлиев көшесі, 38 үй.
www.masa.kz интернет газеті