Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3249 0 пікір 2 Тамыз, 2011 сағат 08:57

Қайрат ЕСМАҒАНБЕТОВ. Ұлттық киім сәнге айналады

Бүгінде республика нарығының басым бөлігін батыстың брендтері, аты шулы компаниялар мен фирмалардың өнімдері қамтиды. Шағын шаһарымыздың сауда-саттық саласында да өзге елдің тауарлары көп. Десек те, таяуда бір жағымды жаңалық құлағымызға шалынды. Арқалықта «АЙНА» сауда үйінің екінші қабатында ұлттық киім-кешек, ойыншықтар, бұйымдар, тұрмыстық заттар және тағы басқа «төл тауарларымызды» сататын дүкен ашылды.

Ұлттық болмысымызға тән заттар қаламызда бұрын бірен-сараң кездессе де, бүгінгідей арнайы ұлттық сипатта ашылған дүкен болмап еді. Қазақша дүкен ашу игі бастама екені сөзсіз. Бірақ, ондағы тауарлар «ассортименті» қандай? Мәселе осында ғой.

Күні кеше есігін айқара ашқан дүкен бүгінде тұтынушылар сұранысын қанағаттандыруға даяр. Ондағы заттардың қайсысын алсаң да - күнделікті тұрмыста жиі пайдаланылатын дүниелер. Отбасының ұлттық тәрбие алуына мүдделі жандарды мұнда көп нәрсе қызықтыратыны анық. Мысалы, ойыншықтар. Балаларға арналған әсем қуыршақтар, ұлт аспаптарының шағын нұсқалары, көлемі алақандай киіз үйлер, тағы басқа шебер әспеттелген ойыншықтар көздің жауын алады. Ұлт аспаптары демекші, домбыралардың да бірнеше түрі ілулі. Ерекше көзге түскені - домбыраның бетқақпағы мен пернелері ұлттық нышандарымен әрленіп, ою-өрнекпен көркемделген. Көлемі бойынша да өзгешеленеді - бірі сувенир сияқты жасалса, енді бірі кәдімгі домбыра.

Маталы бұйымдар да аз емес. Орамал, көрпе, тоқыма бұйымдар - бәрі де оюмен өрнектелген. «Жақсы сөз - жарым ырыс» демекші, дүкендегі үйтұмарларда небір жақсы тілектерге толы.

Сатушылардың айтуынша, «өтетін тауар» санатында - тойға арналған заттар көп. Қазақы үйлер, сәукелелі қуыршақтар, киізден тігілген түйебейнелі қоржындар тойбастарға лайықталған, яғни «құпия қалтасы» бар бұйымдарда жетерлік.

Дүкендегі тағы бір жаңалық, ескеруге тұрарлық. Ол -  күнделікті киіп жүрген «футболкаларымыздың» қазақыланып сатылуы. Жазғы киімнің алды-артына ұлттық оюлар, ел нышандары басылған. «Қазақша» футболкаларды тамашалап жүріп, дүкен иесінің пікірін білуге асықтық:

- Қазіргі таңда жастардың көбісі батыс мәдениетінің үлгісінде киінуді жөн санайды. Қазақ екенімізді айқындайтын ұлттық құндылықтарымызды «ескіше» дәріптеу - яғни жастарды мәжбүрлеп қазақша сөйлету, ұлтын ұмыта бастаған ұрпақтың намысын қамшылай беру оң нәтиже бермейді. Мұнда басқа жолды іздестірген абзал. Мысалы - қазақша киімді сәнге айналдыру. Еліктегіш жастардың бір-екеуі қазақша оюы бар киімдермен көзге түссе, бұл үрдіс «модаға» айналып кетуі мүмкін емес пе? - деп түйіндейді ойын.

Шынымен де, соңғы жылдары қыстық бас киім - малақай мен бөріктер «модадан» шықпай келеді. Әсемдігімен әсерлі, паналығымен пайдалы қазақтың ұлттық киімдерін дәріптеп жүрген осындай азаматтардың ісі оңға басса, ұлтшыл ұрпақ көбейер еді деп үміттенеміз.

http://www.masa.kz/article/view/id/2059

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364