Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2739 0 пікір 3 Тамыз, 2011 сағат 08:57

ТАҒДЫРЫМ МЕНІҢ – КӨШІ-ҚОН, БАЙЛЫҒЫМ МЕНІҢ – ҚАНДАСТАР (Бердібек Сапарбаевқа)

Ақыннан ағам -Тұманбай,

Әкімнен ағам - Бердібек.

Аз шығар жандар, сірә, ондай,

Сүйетін елін елжіреп.

 

Шамалы жұрттан озғаным,

Жазуға жырды қол дайын.

Тұмағам жайлы көп жаздым,

Бекем бір жайлы толғайын:

 

Саф алтын болса тергені,

Кеудеңде тұрар орден көп.

Бекеңнің мен келгелі,

Түскенін аттан көргем жоқ.

 

...Оңтүстік барды әкім боп,

Түлеген кеше сан үздік.

Халқына нағыз жақын деп,

Айтады ел әлі аңыз ғып.

 

Астана барды тағы да,

Отырды болып министр.

«Нұрлы көш» елдің бағына,

Жасалған нағыз ұлы іс бір.

 

Шығысқа келді шырайлы,

Шыңдары көкті тіреген.

Қытайдан басын құрайды,

Жарысқан Ертіс Ілемен.

 

Айтайын шынын тарылмай,

Не керек осы мақтан құр.

Маңдайдан соры арылмай,

Ел ғой бұл келе жатқан бір.

 

Қазақтың ауып баласы,

Төгілді көзден жас, қаны.

Семейдің байтақ даласы,

Сынақтан көзін ашпады.

 

 

Ызғарға қатты тоңды бой,

Табылмай малға жылы өріс.

Бөліп те алмақ болды ғой,

Кешегі біздің «ұлы орыс».

 

Қысының қойшы қаһарын,

«Жауы ғой елдің үйренген».

Қайтерсің жанға батарын,

Ақыннан ағам -Тұманбай,

Әкімнен ағам - Бердібек.

Аз шығар жандар, сірә, ондай,

Сүйетін елін елжіреп.

 

Шамалы жұрттан озғаным,

Жазуға жырды қол дайын.

Тұмағам жайлы көп жаздым,

Бекем бір жайлы толғайын:

 

Саф алтын болса тергені,

Кеудеңде тұрар орден көп.

Бекеңнің мен келгелі,

Түскенін аттан көргем жоқ.

 

...Оңтүстік барды әкім боп,

Түлеген кеше сан үздік.

Халқына нағыз жақын деп,

Айтады ел әлі аңыз ғып.

 

Астана барды тағы да,

Отырды болып министр.

«Нұрлы көш» елдің бағына,

Жасалған нағыз ұлы іс бір.

 

Шығысқа келді шырайлы,

Шыңдары көкті тіреген.

Қытайдан басын құрайды,

Жарысқан Ертіс Ілемен.

 

Айтайын шынын тарылмай,

Не керек осы мақтан құр.

Маңдайдан соры арылмай,

Ел ғой бұл келе жатқан бір.

 

Қазақтың ауып баласы,

Төгілді көзден жас, қаны.

Семейдің байтақ даласы,

Сынақтан көзін ашпады.

 

 

Ызғарға қатты тоңды бой,

Табылмай малға жылы өріс.

Бөліп те алмақ болды ғой,

Кешегі біздің «ұлы орыс».

 

Қысының қойшы қаһарын,

«Жауы ғой елдің үйренген».

Қайтерсің жанға батарын,

Тілінің анау түйрелген...

 

- Салмақтың білем түсерін,

Істедің жұмыс жан сала.

Қырымбек, Имаш - үшеуің,

Үлгісің бүгін баршаға.

 

Қашанда жомарт шешімге,

Қасымда жүрген іні едің.

Жаңбыр мен желдің өтінде,

Батырлар ғана жүреді.

 

Жүзінде тұрған қылыштың,

Басқар деп анау ірі елді.

Жағдайын ойлап Шығыстың,

Нұрекем оны жіберді.

 

Алпамыс текті шынында,

Батыр-ау Бекем ержүрек.

Абайым қонды тұғырға,

Көк туым қырда желбіреп.

 

Батылдық - басшы өлшемі,

Ол басқарған елдің бағы бар.

Ақ мешіт салды еңселі,

Тағысын, тағы, тағылар...

 

Көрерсің өзің күзде кеп,

Немесе жазда, көктемде.

Жазуға бәрін тізбелеп,

Уақыт қазір жоқ менде.

 

Қазақтың елі - жыр елі,

Алмасын Құдай пейілді.

Бұл күнде Шығыс түледі,

Күдіктен көңіл сейілді.

 

Шығатын тонның күшімен,

Еріңнің ері шын шыдап.

Кәрі Алтай ұлын қысымен,

Алғысы келді-ау бір сынап.

 

Жайымен жұрттың санаспай,

Келгенше күзде кеткен құс.

Ақ боран бетті қаратпай,

Қарысып бақты өткен қыс.

 

Тұрғанда жетпей қарымы,

Қасынан жұрттың табылды.

Әр үйге сөнген жарығы,

Шырақ боп Бекем жағылды.

 

Қақаса аяз, әрине,

Айтыла қоймас жаздағы ән.

Жарылған пеші әр үйге,

Жылу боп кірді маздаған.

 

Ес болды шыққан есі елге,

Арықтан сулар жүргізді.

Қираған елдімекенге,

Ақ шаңқан үйлер тұрғызды...

 

Қоңыр күз ептеп келсе де,

Жап-жасыл әлі бау-бақтар.

Мезгілден, білем, ертерек,

Басына оның жауды ақ қар.

 

Азаттық күні туды-ай кеп,

Аумағы бекіп жерімнің.

Ағарса шашы қудай боп,

Ағартқан - мұңы елімнің.

 

Көңілінің гүлдеп бақшасы,

Бұлбұлдар әлі қонар кеп.

Сипаудан жеңгем «қашпасын»,

Саусағым ұшы тоңар деп.

 

Келеді елге дем беріп,

Парызы көп-ақ өтелген.

Қосылдым енді мен келіп,

Өз жүгі аздай көтерген.

 

Қандастар келсе кірсін деп,

Ауыл да салып үлгірді.

Оңалар бәрі біртіндеп,

Жалғармын әлі бұл жырды.

 

Жете алмай Атамекенге,

Жанардан жасты ағыздық.

Қосылсақ, қалмай шетелде,

Емес пе осы нағыз құт.

 

--Алты жүз қазақ әкелсем,

Деп едім мұнда көшіріп.

Қарадың тура, Бекем, сен,

Жүзіме менің тесіліп.

 

Үш жылдан бері бұл істің,

Бітпегенін айттым міңгірлеп.

Қарауға бірден кірістің,

Қағазымды алып, бір-бірлеп.

 

Тыңдамай қойды мүлде ешкім,

Мен сорлы кімге бармадым.

Қытайдан келер бұл көштің,

Тағы айттым тоқтап қалғанын.

 

Хаһарман екен бүгінгі,

Қалмасын біреу деп мені.

Депутаттарда жүгірді,

Шамасы құрғыр жетпеді.

 

Өргізген малын қорадан,

Жатыр ел онда аумақты ап.

Қасарды тіпті төрағаң

Келердей көшіп жау қаптап.

 

Министрлерің де ақырған,

Үн қатпайды екен мұндайда.

Нұрекем еді-ау шақырған,

Оу, оған жетер күй қайда!?..

 

Жоқ шығар құным өзгеге,

Тұмағам үшін қымбатпын.

Келместен екі сөзге де,

Кесіп бір, Бекем, тіл қаттың.

 

Бетпе-бет, сөйтіп, кездестік,

Оңымнан шықты батқан күн.

«Шешемін!» деген сөзді естіп,

Шекпен кигендей шаттандым.

 

Қандастармен де кездестік,

Арғы бетінен келген Алтайдың.

«Әкелем!» деген сөзді естіп,

Арғымақ мінгендей марқайдым.

 

Жетелеп мені барады,

Таулардай ұзын сілемді ой.

Жағдайы елдің шамалы,

Ол жақты жақсы білем ғой.

 

Қылдық қой әбден көк балақ,

Көлденең тартып жолға бел.

Ұшарға, әттең, жоқ қанат,

Түйесін отыр қомдап ел.

 

Атырдым таңдар көз ілмей,

Батырдай тіккен оққа бас.

Тұрғанда ағам өзіңдей,

Алаштың көші тоқтамас.

 

Қандастар жүгі көтерген,

Дертімді кетті қозғап тым.

Айырылған Атамекеннен,

Бірімін мен де боздақтың.

 

Ақын мен әкім арасы,

Болмаса керек тым алшақ.

Қоқсыққа толған санасы,

Мен емес інің сұраншақ.

 

Бітпейді жұмыс осымен,

Асатын әлі алда асқар.

Тағдырым менің - Көші-қон,

Байлығым менің - қандастар.

 

Алғысын алып жақынның,

Қызығын тірлік жиі көр.

Иілсе, басы ақынның,

Батырға ғана иілер.

 

Болмайды менде қалтарыс,

Кей-кейде өстіп тасимын.

Бүгінгі біздің Алпамыс,

Өзіңсің, Беке, - бас идім.

 

Жыр жаздым тағы неше өңдеп,

Шабыттан жаным тыңаймақ.

Ауытжан қайда екен деп,

Қойсаңыз болды бір ойлап.

 

Мекен қып жайлы бұл маңды,

Қазақтың басы құралсын.

Ұлт үшін туған ұлдарды,

Ұшпаққа Аллам шығарсын.

Әумин!

 

Ауыт Мұқибек

"Абай ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371