Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 3824 3 пікір 28 Қыркүйек, 2019 сағат 12:14

Әлихан Нұрмұхамедұлын тұлғалық тұғырына шығара алған жоқпыз

27-қыркүйек - Әлихан Бөкейханның нақақ атылған күні.

Әлихан Нұрмұхамедұлын әлі де өзінің тұлғалық тұғырына шығара алған жоқпыз деп есептеймін.

Иә, Алаш туралы айтқанды, тамсанғанды әлдебір құрама жинақтар шығарғанды, реті келсе сөз арасына қосып алашшыл екенімізді, солардай ұлт қызметшісі болып жүргенімізді емеурінмен айтқымыз келіп тұрады. Тіпті Әлекеңді, Алашты бизнестің көзіне, ақша табудың көзіріне айналдырудан да арланбаймыз. Өйткені тарихи жады кіресілі-шығасылы сал қоғам кім не айтса да қылғытып жұта береді.

Сосын, қазіргі билікке жақын кейбір азаматтар да екі кеменің құйрығын қатар ұстап әрі алашшыл әрі билікшіл ұстанымда жүргендерін де жасырып қайтеміз. Әлекең біздің мұндай солқылдақ, екіжүзділігіміз көрсе, "Қазақ" газетінде сойып салар еді. Сондықтан уақыты келгенде, өреміз өскенде тарихи тұлғаларды, соның ішінде Әлекеңнің тарихи тұлғалық тұрпатын арнайы мәртебемен бекітіп, кім көрінгеннің ол кісінің атын пайдалануына жол бермейтін, Астананың бас алаңында айбатты ескерткішін орнатып, елдің әр қаласы, ауданы мен ауылындағы "Тәуелсіздік", "Мәңгілік ел" көшелері мен даңғылдарын Әлекеңнің атына ауыстырып нағыз рухани жаңғыратын күн туады деп үміттенемін!

Өміржан Әбдіхалықұлының facebook парақшасынан

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320