Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3866 2 пікір 2 Қазан, 2019 сағат 11:18

Құқықтық сауат дегенді қате түсініп жүрміз-ау...

Құқықтық сауат дегенді қате түсініп жүрміз-ау осы...
...Үйінен баяғыда ұзатылып кеткен қыз қара шаңырақтағы інісінен үлес даулап келді жақында. "Заң бойынша мұраға таласа алады екенмін" дейді тепсініп.

...Күйеуі қайтыс болған келіншек жалғыз баспанадан ата-енесін қуып шықпақ. "Күйеуім екеуміз салған үй. Осы уақытқа дейін шыдадым. Енді жөндерін тапсын, менің де жеке өмірім бар" дейді қатайған келін.

..."Күйеуім жерді анамның атына рәсімдейік дегенде арам ойым болмап еді. Бала күтіміне деп түскен ақшаны, жиған-тергенімді түгел үйге салдым. Соңғы кезде әр нәрсені сылтау етіп ажырасатын болды. Маған үлесімді беретін ойлары жоқ. Енді қайда барамын?" Дейді бөпесін көтерген тағы бір келіншек.

...Отыз жыл отасқан күйеуін үйінен қуып шыққан әйелді де көрдік. Өзі өмірі жұмыс істемеген. Бірақ, екі қабатты коттедж, бірнеше қымбат көлік, базардағы контейнер әйелдің атында. Жол полициясында қызмет еткен күйеуі жиған-тергенін әйелінің атына жаза берген ғой. Опасыздық жасайды деп ойламаған шығар. Ал әйелі еш мәмілеге келер емес. "Бауырымыз зейнетке шығып демалар шағында далада қалды. Мына әйел көп дүниені бауырларының атына аударып тастапты. Осындай да бола ма?" Дейді жол сақшысының екі әпкесі. Солай болмаса сіздер редакциядан көмек сұрап келер ме едіңіздер...

...Осындай жағдайларға қарап түйгенім, біздің құқықтық сауатымыз өскен жоқ. Біздің сауатымыз жақындарымызды жабырқатудың, туыстар есебінен тиынымызды түгендеудің деңгейінен аспай отыр...

Айнұр Сембаеваның facebook парақшасынан

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5369