Сенбі, 23 Қараша 2024
3371 2 пікір 3 Қазан, 2019 сағат 12:00

Трамп: импичмент жариялау бойынша тергеу "төңкеріс әрекеті"

АҚШ президенті Дональд Трамп өзіне қатысты импичмент жариялау бойынша тергеу ісін "төңкеріс әрекеті" деп атады.

Тергеу жүргізуді қыркүйек айының соңында АҚШ Конгрессінің Өкілдер палатасы көтерген. Оған Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің 25 шілдедегі телефонмен сөйлесулері себеп болған. Ол сөйлесудің мазмұны туралы арнайы қызметтің өкілдері басшысына жеткізген.

Кейін Ақ үй телефонмен сөйлесулердің стенограммасын жариялаған. Онда Трамп Зеленскийден Украинада бұрынғы вице-президент Джо Байденнің ұлына қатысты тергеу істерін бастауды өтінген. Трамптың айтуынша, Байденнің ұлының бұл елдегі коррупциялық істерге қатысы бар. Конгрессмен-демократтар президент 2020 жылы өтетін президент сайлауына қатысуға ниет білдіріп отырған қарсыласына қарсы компромат алуға әрекет етіп жатыр деп мәлімдеген.

Тергеу аясында Өкілдер палатасы куәлік беру үшін Конгресске Мемлекеттік департаменттің бірнеше қызметкерін, оның ішінде мемлекеттік хатшы Майк Помпеоны шақырған. Мұнан бөлек шақырылғандардың арасында АҚШ-тың Украина бойынша бұрынғы арнайы өкілі Курт Волкер мен Құрама Штаттардың Украинадағы бұрынғы елшісі Мари Йованович та бар.

Трамп өзіне қарата айтылған айыптаулардың бәрін теріске шығарып жатыр. Өз кезегінде Өкілдер палатасындағы демократтар Мемлекеттік департаменттің қызметкерлерін қорқытып жатқанын айтады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364