Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 6206 34 пікір 3 Қазан, 2019 сағат 16:55

Сенаторлар кеңесі - ата-апалар алқасы (Тізім)

Әлгінде Қазақстан Парламенті Сенатының жанынан "Сенаторлар кеңесі" деп аталатын ұйым құрылды. Алғашқы жиындарын да өкізіп үлгеріпті. Бір қызығы сол жиында өткенде ғана Президент Тоқаев өкілеттігін тоқтатқан Бірғаным апа Әйтімова Сенаторлар кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.

Ал, Сонымен қоғамның мүддесі үшін қызмет етеміз деп мақсат қойған бұл кеңестің құрамында кімдер бар? Біз тізімдеп шықтық.

Федотова Зинаида Леонтьевна - 81 жаста. 2017 жылдан бастап билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі болды.

Байгелди Өмірбек - 80 жаста. ҚР Парламент сенатының экс-депутаты.

Ахметов Әділ Құрманжанұлы - 78 жаста. 2007-2013 жылдары ҚР Парламент сенатының депутаты болды.

Рахманбердиев Орынбай - 75 жаста. 2002-2014 ҚР Парламент Сенатының депутаты болды.

Әбдікәрімов Оралбай - 74 жаста. Бұрынғы сенат депутаты.

Сұлтанов Қуаныш Сұлтанұлы - 74 жаста. 2001 жылдан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болды.

Алтынбаев Мұхтар Қапашұлы - 73 жаста. 2010-2017 жылдары Парламент сенатының депутаты болды.

Әбіқаев Нұртай - 72 жаста. ҚР парламент сенатының депутаты.

Оразалин Нұрлан Мырқасымұлы - 72 жаста. Ұзақ жылдар Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы қызметін атқарды.

Сағындықов Елеусін Наурызбайұлы - 72 жаста. 2002 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитеттің мүшесі болды.

Абайділдин Талғатбек Жәмшитұлы - 71 жаста. 2005 жылдың қараша айынан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты екен. «Құрмет» орденімен, «Тыңжерлерді игергені үшін», «Астана» тағы басқа медальдармен марапатталған.

Айтаханов Қуаныш Айтаханұлы - 71 жаста. 2005-2007 жылдары Парламент сенатының депутаты болды.

Валиев Хусаин Хасенұлы - 71 жаста. 2008 жылдан бері ҚР Парламент Сенатының депутаты.

Редкокашин Владимир Николаевич - 71 жаста. 2011-2017 жылдары Парламент Сенатының депутаты болды.

Жалмағамбетова Светлана Жақияқызы - 71 жаста. 2003-2014 жылдар аралығында ҚР Парламент Сенатының депутаты болды.

Мұхамеджанов Төлеген Мұхамеджанұлы - 71 жаста. 2007 жылдан - ҚР Парламенті Сенатының депутаттары, Әлеуметтік-Мәдени даму комитетінің мүшесі.

Тұтқышев Бексұлтан Серікбайұлы - 71 жаста. 2011 жылдан бастап "Назарбаев Университеті" департаментінің бас менеджері болды.

Ақылбай Серік Байсейітұлы - 70 жаста. 2005-2007 жылдары Парламент сенатының депутаты болды.

Башмаков Анатолий Афанасьевич - 70 жаста. 2002-2014 жылдары Парламент сенатының депутаты болды.

Жұмабаев Ермек Жианшаұлы - 70 жаста. 1999-2014 жылдары Парламент Сенатының депутаты болды.

Цхай Юрий Андрееви - 70 жаста. Бокстан кеңес одағының және Қазақстан жаттықтырушысы. 2007 жылдан бері ҚР Парламент Сенатының депутаты.

Адырбеков Икрам - 69 жаста. 2011-2017 жж Парламент сенатының депутаты болды. "Ерен еңбегі үшін медалімен" марапатталған.

Жалыбин Сергей Михайлович - 69 жаста.Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы болды.

Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы - 69 жаста. 2005 жылдан бері - ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы.

Қарақұсова Гүлжан Жанпейісқызы - 69 жаста. 2007 жылдан бері - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы.

Қасымов Ғани Есенгелдіұлы - 69 жаста. 2013 жылдан бері Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Сенаттағы өкілі

Киинов Ляззат Кетебайұлы - 69 жаста. 2013-2017 жылдары ҚР Парламент сенатының депутаты болды.

Көпеев Мұхамбет Жұманазарұлы - 69 жаста. 2005-2011 жылдары Парламент Сенатының депутаты болды.

Күзеков Асхат Сәйпиұлы - 69 жаста. 2011 - 2017 жылдары Парламент Сенатының депутаты болды.

Мұқашев Төлеубек Төлеуұлы - 69 жаста. 2014 жылдан бастап – Алматы қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.

Кулагин Сергей Витальевич - 67 жаста. 2014 -2017 жылдары Ақмола облысының әкімі болды.

Құсдәулетов Дулат Рашитұлы - 67 жаста. 2013-2019 жылдары ҚР Парламенті Сенатының депутаты болды.

Әйтімова Бірғаным Сарықызы - 66 жаста. ҚР Парламент Сенатының депутаты болды. «Құрмет», «Парасат» және ІІ дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған.

Бобров Владимир Яковлевич - 66 жаста. Қазір ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасының Өндіріс комитетінің төрағасы.

Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы - 66 жаста. ҚР Парламен Мәжілісінің депутаты.

Ким Георгий Владимирович - 66 жаста. 2013-2019 жылдары ҚР Парламен Сенатының депутаты болды.

Полторабатько Людмила Григорьевна - 66 жаста. 2011-2017 жылдары Парламент Сенатының депутаты болды.

Ерғалиев Жабал Ерғалиұлы - 64 жаста. 2011-2017 жылдары Парламент Сенатының депутаты болды.

Джақсыбеков Серік Рыскелдіұлы - 63 жаста.Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.

Еңсегенов Сәрсенбай Құрманұлы - 63 жаста. 2014 жылдан бері Парламент сенатының депутаты.

Сұлтанов Ерік Хамзаұлы - 63 жаста. 2017 жылдың маусым айынан бері Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.

Бектұрғанов Серік Шыңғысұлы - 62 жаста. 2014 жылдан бері ҚР Парламент сенатының депутаты

Ахметов Рашит Сайранұлы - 60 жаста. 1999 - 2017 жылдар аралығында ҚР Парламент сенатының депутаты болды.

Ершов Сергей Михайлович - 59 жаста. 2014 жылдан бері ҚР Парламент Сенатының депутаты.

Плотников Сергей Викторович - 59 жаста. 2008 жылдан бері ҚР Парламент Сенатының депутаты.

Батталова Зәуреш Қабылбекқызы - 58 жаста. 1999-2005 жылдары Парламент сенатының депутаты болды.

Нұрғалиев Жеңіс Мирасұлы - 57 жаста.2010 жылдан бері - Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты

Мамытбеков Еділ Құламқадырұлы - 55 жаста. 2017 жылдан бері - Қазақстан Парламенті Сенатының депутаты

Қылышбаев Нұрлан Наурызұлы - 48 жаста. ҚР Парламент Сенатының депутаты болған.

Тізімнен байқағанымыз - кеңес мүшелерінің барлығы дерлік зейнет жасына жеткен немесе жетеқабыл жастағы адамдар.Тек,елуге толмағаны Қылышбаев қана. Оның өзі кісі қуантарлық емес көрінеді. Википедиядағы ашық мәліметте туған жері "Казахская ССР, СССР" деп көрсетіліпті. Демек, ең жас деген Қылышбаевтың өзі СССР кезін аңсайтын аталарының сортынан.

Ал, біздегі жалқы сұрақ - осы уақытқа дейін Парламентте депутат болып қарық қылмаған бұл қариялар, енді қоғамның мүддесі үшін қызмет ететініне сенесіз бе?

Нұрбике Бексұлтанқызы

Abai.kz

34 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5367