Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
3854 1 пікір 7 Қазан, 2019 сағат 11:19

Аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа көмектер беріледі

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтама енгізілмек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы заңға табысы аз отбасындағы балаларға кепілді әлеуметтік топтаманы енгізумен кеңейту ұсынылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар тамақпен, гигиеналық құралдармен және білім беру қызметтерімен қамтамасыз етілетін болады», - деді министр.

Оның атап өтуінше, оқушы балалар үшін мектепте тегін ыстық тамақты, күнделікті мектепке барып-келу тегін жол жүруді, сондай-ақ мектеп формасы мен оқу құралдарын алуды мемлекет есебінен беру көзделеді.

«Осылайша атаулы әлеуметтік көмектің қолданыстағы тетігі түзетілетін болады. Егер көпбалалы отбасы жаңа жәрдемақыны ала отырып, аз қамтылған отбасы мәртебесінде қала беретін болса, ұсынылып отырған заң жобасына сәйкес, бұл жанұяға атаулы әлеуметтік көмек пен балаларына кепілді әлеуметтік топтаманы қамтитын көмек тағайындалады», - деді Б.Нұрымбетов.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1547
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3343
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6158