Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4286 14 пікір 7 Қазан, 2019 сағат 13:09

Бейбіт митинг - халықтың Конституциялық құқығы

Зайырлы, демократиялық мемлекет дегеніміз не? Үкімет дінге араласпау керек, рас. Бірақ дін де мемлекеттік мәселелерге араласпау керек қой! Біздің мемлекетімізде идеологиялық жұмыс болмағандықтан, идеология саласы "бардак" боп тұр.

Мысалы, Мұхамеджан Тазабек, дінді "Асыл арнаның" жетекішісі, неге мемлекеттік органдарға барып - полицияға, әскерлерге, мектептерге, ЖООларға - уағыз айтып жүр? Оған мұндай мүмкіндікті кім беріп отыр? Неге ол полицияны бейбіт митингке шыққан халыққа қарсы айдап салуда? Оған мұндай құқықты кім берді?

Мұндай әрекет нағыз арандатушылық деп білем. Полиция бейбіт шеруге шыққан халыққа күш жұмсамау керек. Бейбіт митинг - шеруді өткізу - ол халықтың Конституциялық құқығы.

Негізі діншілер саясатқа араласатын болса, түбі Қазақстанды халифатқа айналдыруы мүмкін. Сауд арабия, Афғанстан, Сирия секілді елдерге айналамыз. Бұған дайынсыңдар ма? Түбі сөзсіз өте қанды соғыс болады. Бізге Шариғат әлде демократия керек пе? Таңдау жасауымыз қажет, себебі бұл бір - біріне 100% қарама қайшы құбылыстар.

Бүгінгі күндерді репрессия дейміз, ал сол кезде қанды террор басталады. Адамдардың бастары мен қолдарын шабу, әйелдерді таспен өлтіру, т.б. Өйткені халифат Шариғат заңымен өмір сүреді. Еліміз өте қараңғы елге айналады. Сондықтан біз зайырлы мемлекетті сақтап қалуымыз жөн.

Мемлекет дін мәселелеріне, дін - мемлекет мәселелеріне араласпау керек. Дін - адамның жеке шаруасы, құқы. Зайырлы мемлекетіміз деген осы. Алашорда қайраткерлері зайырлы мемлекетке зар болды. Біз де мұндай ұстанымында қалуымыз керек.

Мұхтар Тайжанның facebook парақшасынан

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392