Сенбі, 23 Қараша 2024
2316 0 пікір 14 Қазан, 2019 сағат 10:56

ҰҚК: "Теракт жасамақ болған" адам 10 жылға сотталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда терроризм бабы бойынша айыпталған адамның 10 жылға сотталғанын хабарлады.

ҰҚК таратқан хабарламада А.Ж.Бітімбаев есімді адамға "теракті әзірлеу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс қаруын заңсыз сақтау фактілері" бойынша айып тағылғаны жазылған.

Тексеру кезінде "оның қоғамдық орында теракт жасамақ болғаны туралы" ақпарат түскен. Сот үкімін Алмалы аудандық соты шығарған.

Тергеу орындарының дерегінше, сәуір айында Алматыда ұсталған күдікті содырларға қосылу үшін Сирияға баруды жоспарлаған. Тінту кезінде одан "травматикалық қару, қолдан жарылғыш заттар жасайтын бөлшектер, үш сауда орталығының сызбасы, бетперде мен қолғап" табылған.

2018 жылы шілде айында Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) Таяу Шығыста соғыс басталғалы бері Сирия мен Иракқа Қазақстанның 800-ге жуық азаматы кеткенін хабарлаған. 2019 жылы Қазақстан билігі "Жусан" операциясы барысында Сириядан 516 адамды жеткізген, олардың 360-ы - бала. Сириядан оралғандардың кейбірінің үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5520