Сенбі, 23 Қараша 2024
2966 0 пікір 15 Қазан, 2019 сағат 12:55

«ERG-дің» Қазақстандағы әлеуметтік жобалары туралы не білесіз?

Халықаралық «ERG» (Eurasian Resources Group) компаниясы 2018 жылдың қорытындысын түзіп, есептік кестесін жария етіпті. Табиғи ресурстарды өндіру мен байыту саласындағы тұрақты дамудың кестесі бойынша Қазақстанның да рейтингісі көрсетілген екен. Біз бүгін аталмыш рейтингтегі Қазақстанның ахуал-жайын шолып шықпақпыз...

Қазіргі таңда Қазақстанның тау-кен және металлургия саласындағы ERG еңбеккерлерің саны 62 500 адамды құрайтын болса, олардың 26 пайызы әйелдер екен.

«ERG» есебіне сүйенсек, Қазақстанда олар өндіріс қызметін жақсартуда және бизнесті трансформациялау мен операциялық тиімділікті арттыруда, сондай-ақ, активтер портфельін дамытуда едәуір алға жылжыған.

Бұған бірнеше фактор әсер еткен. Атап айтқанда, аталмыш сала еңбеккерлерінің жағдайын жақсартуға көңіл бөлінген. Дәлірек айтсақ, 2018 жылы елдегі өндірістік сала қызметкерлерінің еңбекақысын дифференциалды түрде жоғарылату жолға қойылса, кәсіпорындардағы санитарлық-тұрмыстық нысандарды ортақ стандартқа келтіру үшін 13 миллион доллар көлемінде қаражат қарастырылған.

2018 жылдың қорытындысы бойынша, еңбеккерлердің жұмыс барысындағы жарақат алуы, жұмысқа жарамсыз болып қалуы секілді LTIFR1 көрсеткіші (еңбекке жарамдылықты жоғалтатын жарақаттардың қайталану коэфиценті) -15,9%-ға төмендеген.

Сондай-ақ, Қазақстанда қызметкерлерді қайта оқытып, олардың біліктіліктерін арттыру жүзеге асырылған. Ол үшін 5 миллион доллар қарастырылса, Тұрғын үй бағдарламасы аясында елдегі 186 қызметкеріне баспана берілген.

«ERG-дің жас көшбасшылары», «Кәсіби мамандар лигасы», «Инноваторлар форумы», «Өсім порталы» сынды Қазақстандағы таланттарды басқару секілді бірқатар шаралары өткізілген. Сонымен қатар, өткен жылы «Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі» бағдарламасына қатысушылар саны 5 мың адамға жетсе, «ERG» қолдаған STEM-зертханаларда бүгінде 9 мың оқушы білім алып жүр. Қазіргі таңда 9 жоғарғы оқу орны мен колледжде жүзеге асырылып жатқан бұл бастамаға 5 мың студент жұмылдырылған.

Сондай-ақ, «ERG» компаниясы Астана халықаралық қаржы орталығымен және «Astana Hub»  халықаралық ІТ-стартаптар технопаркімен әріптестік орнатқан.

Бұдан бөлек, Қазақстанда операциялық тиімділікті арттырудың әсері де артқан. 2018 жылы бұл көрсеткіш 91,7 миллион долларды құраған.

«ERG»  есебіне сүйенсек, былтырғы жылы жергілікті өндірушілерден сатып алу сомасы 918 миллион долларды құраса, жалпы төленген салық сомасы 606 миллион долларды құрапты.

«ERG-дің» Қазақстандағы әлеуметтік жобалары

«ERG» стратегиялық серіктестермен бірлесе отырып, Қазақстандағы «ақылды қалаларды» қолдау бастамасына да қатысқан. Ал жалпы әлеуметтік инвестициялар сомасы 108 миллион долларды құраған. Ол қандай жобалар? Рет-ретімен жазайық:

- Қостанай облысы Рудный қаласының жылыту желілерін жаңарту ($693 тыс.),

- Қостанай облысындағы Горняцкий кентінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта құру мен жетілдіру ($179 тыс.),

- Қостанайда ұлттық мәдениет орталығын салу ($4,77 млн),

- Ақтөбе облысындағы көпқабатты үйдің электр және жылумен жабдықтау инфрақұрылымдарын жаңарту, ауласы мен осы алаң маңындағы бағын қайта құру ($159 тыс.),

- Ақтөбе қаласындағы жеңіл атлетика манежінің құрылысы ($2,08 млн),

- Ақтөбе мен Павлодарда волейбол спортын дамытуды қолдау ($2,28 млн),

- Павлодарда мұз айдынының құрылысы (2,98 млн),

- Павлодар облысындағы Ақсу қаласының орталық жағажайын қайта құруды жалғастыру ($596 тыс.),

- Павлодарда аймақтық футболды дамыту ісін қолдау ($3,87 млн),

- Павлодардағы мұражайды жөндеу ($936 тыс.),

- Ақсу қара металлургия коллежінің 30 студентіне ішінара шәкіртақы төлеу мен оқыту жабдықтарын сатып алу ($42 тыс.),

- Лисаковск техникалық колледжіне жабдықтар сатып алу ($11 тыс.),

- Қарағандыдағы сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығына мамандандырылған арнайы медициналық жабдықтар сатып алу ($74 тыс.),

- Нұр-Сұлтандағы «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің құрылысын қаржыландыру ($596 тыс.),

- Қазақстандық жас геологтардың V олимпиадасын демеу ($30 тыс.).

Бенедикт Соботка, «ERG» компаниясының Бас атқарушы директоры:

-Біз компанияны ұзақ мерзімді перспективада стейкхолдерлердің кең ауқымына құндылықтар құрай алатындай етуге талпынамыз. Әрі 2018 жылы көптеген маңызды нәтижелерге қол жеткіздік. Стратегиямыз аясында біз 2019 жылдың басында БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын қамтитын Жаһандық келісімге қосылдық және негізгі бастамаларды қолдаймыз.

Айта кетейік, «ERG» компаниясы тек корпоративтік құндылықтарға негізделіп қоймай, өндіріс мәдениетін ұдайы трансформациялауды мақсат етіп отыр. ERG Тау-кен және металлургия саласындағы кең ауқымды реформалар мен орнықты дамуға септесу мақсатында Дүниежүзілік экономикалық Форум сынды халықаралық ұйымдармен әріптесе жұмыс істейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522