Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3897 1 пікір 15 Қазан, 2019 сағат 17:13

Нұрпейісов енді саясатты қойып, саяхатпен айналыспақ

Мен Президентті таңдай алмасам да, қай елде өмір сүргім келетінін таңдай аламын,- дейді актер Әнуар Нұрпейісов. #Менояндым хэштегі арқылы саяси көзқарасын білдіріп, артынша ұзақ уақыт көрінбей кеткен актер Шри-Ланкаға қоныс аударыпты.

Ол аталған видеосын YouTube-тегі каналына орналастырған. Айтуынша, ол енді саясатқа емес, саяхатқа ден қоймақ.

-Осының бәрі басталған кезде: «Мен бұл өмірде не істегім келеді?»- деп ойладым. Жауабы анық: бақытты өмір сүру. Бірақ сіз саяси ойындарға араласқаннан кейін бақыттан алыстайсыз. Бұдан әрі менің алдымда таңдау тұрды. Сөйтіп, мен өз таңдауымды жасағаннан кейін Қазақстандағы өз мүмкіндіктерімді қарастырдым. Сосын неге саяхаттамасқа деп ойладым. Егер мен президентті таңдай алмайтын болсам, онда мен қай елде өмір сүргім келетінін таңдай аламын.
Әзірге мен Шри-Ланкаға қоныс аудардым, - деді ол YouTube-тегі жеке арнасында.

Нұрпейісовтың айтуынша, ол түрмеге түспеу үшін Қазақстаннан кетуге шешім қабылдаған.

-Біз 5 маусым күні, ҚР Президентін сайлауға 4 күн қалғанда, еліміздегі сайлаудың құндылығын бүкіл әлемге көрсету үшін бейнетаспа жариялауды жоспарладық. Алайда, маған бір досым қоңырау шалып, маған «қызыл карточканың» орнатылғанын айтты. Яғни, бұл -физикалық күш қолдану немесе қамау. Біз үшін барлық шешімді басқалар қабылдайтын елде өмір сүріп жатқанымызды түсінеміз. Еліміздегі сөз бостандығының жай-күйі де белгілі. Бірақ, мен сөз бостандығы дәлізінің қабырғалары осыншалықты нәзік деп ойламаппын.(...) , - дейді Нұрпейісов өз видеосында

Сөйтіп, актер Шри-Ланкаға кетуге бел байлаған. Нұрпейісов ол жерде қонақ үйді үш жылға жалға алып, сонда менеджер болып жұмыс істемек.

Актердың айтуынша, оған билікке сатылдың деген сынды пікірлерді оқу өте ауыр болған. Сондай-ақ, үндемеу үшін өзіне ақша ұсынылғанын да айтты.

Сөйтіп, Нұрпейісов мырза осы бейнеролигі арқылы көптен көрінбей кетуінің себебін түсіндірді.

Айта кетейік, бұған дейін ол Қазақстандағы саяси жағдайды қатаң сынға алған «Мен Ояндым» науқанын бастап, қоғамдық пікірге араласқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534