Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3081 1 пікір 15 Қазан, 2019 сағат 16:57

Cот Бағлан Майлыбаевты уақытынан бұрын босатқан жоқ

Мемлекеттік құпияларды заңсыз жария етті деп айыпталып, сотталған Бағлан Майлыбаевты сот уақытынан бұрын босатқан жоқ.

Осыған дейін Бағлан Майлыбаевтың өзіне кесілген "абықтыда қамау" жазасын "шартты жазаға" өзгерту туралы өтініш бергені ақпаратта айтылған.

Сот Майлыбаевтың "қылмыстық-мерзімінен бұрын босату туралы" арызын қанағаттандырмаған.

"Қылмыстық істер бойынша сот коллегиясының 2019 жылы 4 қыркүйекте шыққан үкімімен оның мерзімінен бұрын босату туралы арызы қанағаттандырылмады", - делінген Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Естеріңізде болса, 2017 жылдың маусымында Астананың Есіл аудандық соты Бағлан Майлыбаев пен Николай Галихинді ҚР Қылмыстық Кодексінің 361 бабы, 1-бөлігі және 185 бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тапқан.

Сот Майлыбаевты мүлкін тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен. Сондай-ақ, Сот үкімінде Майлыбаев өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды деп жазылған.

Мемлекеттік құпияны жариялағаны үшін сотталған ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Бағлан Майлыбаев шет мемлекеттің өкілдерімен тығыз қарым-қатынаста болғаны туралы ақпаратта жария болған. Дәлірек айтсақ, оның Ресеймен байланысы болған делінген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141