Әскери операция 120 күнге тоқтайды. Осы аралықта күрд жасағы соғыс алаңын тастап шығуы тиіс. Сосын барып Анкара операцияны аяқтай алады.
Пенстің сөзінше, Вашингтон Анкараға жаңа санкциялар салуға ниетті емес.
"Түркиядан жақсы жаңалық!.. Миллиондардың өмірі сақталады", - деп жазды АҚШ президенті Дональд Трамп твиттер парақшасына.
Пенс пен Ердоғанның кездесуі екі жарым сағатқа созылды. Бастапқыда Түркия президенті АҚШ өкілімен кездесуден бас тартқан. Кейін райынан қайтты. Ол Америка салған санкциялардан қорықпайтынын да жеткізген.
Түркия 9 қазанда Сирияның солтүстігіне әскери операция бастаған. Анкара күрдтердің қарулы әскерін террористер деп есептейді. Вашингтон керісінше "Ислам мемлекеті" террористік ұйымымен күресте күрдтермен одақтас болды.
Abai.kz