Самат СҮЛЕЙ. Жеңгем «уахабист» емес!
Ораза айы басталысымен ауылдағы ағамның келіншегі намаз оқуды бастапты. Агент арқылы жеңгемнен бұл жаңалықты естігенде Аллаға шүкіршілік айтып, қатты қуандым. Жаратқанның үкіміне күмәнсіз мойынсұнған жанды көргенде неге қуанбасқа. Сол кезде - ақ, мына бір ой, ойыма сап ете түсті. Яғни, онсыз да басынан орамалы түспейтін Нұргүл жеңгемнің орамал тағып, намаз оқитынын естісе, ауылдағы кейбір келіншектер (еркектер де бар)бір ай, тіпті бірнеше ай бойы қаузайтын әңгімелеріне кейіпкер тауыпты ғой деп.
П. Естідің бе, пәленшенің келіні намазды бастапты.
Ы. Бейшараға бірдәңе болған шығар, әйтпесе...?,
Ш. Анау пәленшенің келіншегі намазға жығылыпты.
П. Тыныштық па, күйеуге тигені кеше ғана емес па?
Ы. Пәленшенің келіні намаз оқиды екен. Мүмкін қазақы аурумен ауырып жүрген шығар?
Ш. Оған емшіге барып көріну керек қой.
Ақ - қарасын айырмай жатып, барлығы бір ой айтуды парыз санайды.
Шіркін солар: «Алла Тағала пенделеріне орындалуын әмір еткен амалдардың ең абзалы намаз» екенін және мен мұсылманмын дегеннің жүрегі тек намазбен ғана нұрлананытынын түсінсе ғой.
Ораза айы басталысымен ауылдағы ағамның келіншегі намаз оқуды бастапты. Агент арқылы жеңгемнен бұл жаңалықты естігенде Аллаға шүкіршілік айтып, қатты қуандым. Жаратқанның үкіміне күмәнсіз мойынсұнған жанды көргенде неге қуанбасқа. Сол кезде - ақ, мына бір ой, ойыма сап ете түсті. Яғни, онсыз да басынан орамалы түспейтін Нұргүл жеңгемнің орамал тағып, намаз оқитынын естісе, ауылдағы кейбір келіншектер (еркектер де бар)бір ай, тіпті бірнеше ай бойы қаузайтын әңгімелеріне кейіпкер тауыпты ғой деп.
П. Естідің бе, пәленшенің келіні намазды бастапты.
Ы. Бейшараға бірдәңе болған шығар, әйтпесе...?,
Ш. Анау пәленшенің келіншегі намазға жығылыпты.
П. Тыныштық па, күйеуге тигені кеше ғана емес па?
Ы. Пәленшенің келіні намаз оқиды екен. Мүмкін қазақы аурумен ауырып жүрген шығар?
Ш. Оған емшіге барып көріну керек қой.
Ақ - қарасын айырмай жатып, барлығы бір ой айтуды парыз санайды.
Шіркін солар: «Алла Тағала пенделеріне орындалуын әмір еткен амалдардың ең абзалы намаз» екенін және мен мұсылманмын дегеннің жүрегі тек намазбен ғана нұрлананытынын түсінсе ғой.
Осылайша, анық-қанығына бармай - ақ, сырттай тон пішеді. Ал, бірінен бірі естігендер келесі біреуге жеткізер де қосып айтпаса мемлекет беретін атаулы көмектен қағылатындай. Кішкентай ауылдардағы пыш-пыш әңгіме қазір саясат та һәм интернет сайттарында кезіп кетті. Әсілі, бұл тақырып бүгінде еріккеннің ермегіне айналды. Себебі жайнамаз ұстап, намаз оқитындарды көрсе, мынау сопы, мынау уахаббист, салафит немесе тағы басқа екен деп, сүйінші сұрау сәнге айналды. Елдің аузын аңдыған бұқаралық ақпарат құралдары да тек осы тақырыптың айналасынан шықпай қалды. Ислам туралы ақпараты аз бола тұрып, аузына келгенін айтып, ойына түскенін жазатын жазғышбектер көбейді. Осыны оқыған кейбір үлкен кісілеріміз елді үрейлендіріп, енді қайттік, жастарымыз намаз оқып, шеттерінен діндар болып кетті деп биліктегілердің атына ашық хат жазуға машықтанып алды. Намаз оқуды қолдамайтындар оларға қолдау көрсету үшін қол жинауға көшті. Онан қалды қыздарымыздың басындағы орамалға бас салып, тису басталды. «Тарихшы ретінде айтар болсам қазақ қызы ешқашан орамал тақпаған» деп жалған пікірін жалпақ жұртқа айта салатын тарихшылар шықты. Бірақ, ескі мұрағаттағы суреттер мен жазбаларды қарасаңыз тұрмысқа шықпаған қыздар қызыл орамал, тұрмысқа шыққандары ақ орамал таққанын көресіз. Міне тарих.
Ал енді мынаған назар аударсаңыз! Осыдан 4-5 жыл бұрын қазақ жастары мың мыңнан түрлі ағымдардың арасында адасып жүрді. Қазірде аз емес. Бір отбасының үш баласы иегова, кришнайт, саенталогия сынды секталардың құрбаны болды. Сол кезде, дәл бүгінгі ашық хат иелері ауыз ашып, қазақ жастарына жол көрсетті ме? ....? Көше кезіп, қолындағы қағазын тықпалап, бізге кел балам, қашанда есігіміз ашық дейтін кемсеңдеген кемпірлерге қарсы тұра алды ма? Ешкім болмады деп жалған айтпайық. Алайда қазіргі намаз оқитындарға қарсы шыққандармен салыстырсақ өте аз болған.
Басына орамал таққан қыздарға шошына қарап, шулайтындарға сұрақ.
Жасы 15-16 дан енді асқан қыздарымыз (ол сіздің де, менің де әпке,қарындасымыз) көшеге шығып тәнін сатты. Тіпті бәз біреулер қазір ресми түрде тіркеліп, қаракөздеріміз арқылы ақша тауып отыр. Сенбесеңіз сайттан қарап көріңіз! Мектеп қабырғасында жүріп - ақ, сыра ішіп отырып, бір - біріне сыр шертетін қарындастарымыздың қатары көбейіп барады. Бұным өтірік десеңіз мектеп бітіріп, соңғы қоңырау кезінде мейрамдатып жүрген жеткіншектерді бақылап көріңіз! Еліміздің Ішкі істер министрлігі соңғы жылдары соңғы қоңырауды кешке тойлатуға тыйым салды. (Сап тыйылды деуге болмас) Ата - аналардың қалтасын ойлап емес, түрлі қылмыстың көбейіп кеткендігінен. Сүйегі қатпаған кішкентай 5-6 жасар қыздардың зорланған фактісі жиі тіркелуде. Естігенде көзге жас келеді. Бұндай айуандықты кімдер жасап жатыр? Арақ ішіп, есірткіге есі кеткендер. Алла сақтасын! Бірақ, әрекет етіп, сақтанбасаң бұндай сұмдық әлі де кездеуі мүмкін. Себебі қазір қазақ елі арақішкіштер мен есірткі пайдаланушылардың саны жағынан ТМД - да көш бастап тұр. Еліміздегі 50 мың нашақордың ең жасы жеті жаста. Ал олардан қандай ұрпақ тарайтынын дәрігерлер дәлелдеп қойған. Темекісі аузынан түспейтін қыздарға да қазір әбден көз үйренді. О заманда, бұл заман қай қазақтың қызы түтін құмар болған еді? Тілі мен құлағына сырға тағып, денесіне сурет толтырғандарды көргенде жүрегің айниды. Сондай - ақ, түрмеде отырғандардың саны бір кездері елімізде 80 мыңға жеткен. Жыл сайын рахымшылық шарасын ұйымдастырып жүріп, әйтеуір 50 мыңға әрең азайды. Әлі де аз деп айтуға ауыз бармайды. Қаншама қыздар жыл сайын жасанды жолмен түсік жасатады. Жатырындағы баланы алдырттқаны енді ана болмайды деген сөз. Ал, абортқа бармағандар баласын балалар үйіне өткізуге барып жатыр. Тіпті, туасалып сәбиін қоқыстың арасына қалдырғандарды талай естіген боларсыз. Осылайша, ана мейірімін көрмек түгілі ана сүтін ембеген ұл - қыздарымыз шетел асты. Аралас неке. Сырттан келген жапон, орыс, қытай сияқты келімсектер қазақ қыздарын қырғидай қыруда. Масқара. Ал ар - ұяттан аттаған аруларымыз қара нәсілдінің қасында жүруді мақтаныш көріп, қолтығының астына кірді. Қолында бұйра шашты, көзі көк, түрі қап қара негрдің баласы бар. Қазақша сөйлей қалса, мәссаған деп мәз боламыз. Оның шешесі қазақ екеніне намыстанбаймыз. Қазақтың бар байлығына белшесінен батқан әлгілер отбасын тастап, өз отанына қашады. Ендеше жетімдердің қасына жесір әйелдер мәселесін және қосыңыз. Онан қалды кино түсіріп, ұлтты ұятқа қалдыратын коногерлер қарақұрттай қаптады. Біреуі қазақ қызын евреймен қол ұстастырып жіберсе және бірі қараңғы қорада ешкі баққызып қойды. Әйтеуір білгендерін істеуде. Яғни, бірнеше жыл бұрын шетелден шыққан сайқымазақ «борат» өз ішімізде де бар екен. Бұған не дейсіз?....
Ал енді айтуға ауыз бармайтын мына сұмдыққа ше? Күн санап көбейіп жатқан «көгілдірлер». Қазақта «қызтеке» деген сөздің бар екені белгілі. Бірақ, сондай сұмырайлардың болғанын естідіңіз бе? Ал олардың қазір Астана мен Алматы да бас қосатын түнгі клубтары бар екенін көпшілік беске біледі. Алайда, бізде оларға қарсы ешқандай тосқауыл жоқ.
Осы аталғанның барлығы қазақ дейтін ұлы ұлтқа ертең қауіп болып тимейтініне кім кепіл?..... Неге бұларды көрмегендей болып, хақ Исламға орала береміз? Байыбына бармай жатып, намаз оқитындардың барлығын ойбай ол уаһаббист, ол салафист деп не үшін қаралаймыз, оған қандай дәлелі бар? Менің ауылдағы жеңгем уаһаббист, салафист дегенді өмірінде естімеген. Ол алдымен Алланың, екінші өзінің қалауымен намазға жығылды. Құлшылығын күшейтті. Бірақ, ол уаһаббист те, салафит те емес. Намаз оқуды бастап жүргеннің бәрі қазақ. Бабаларымыз басқа дінде болғандай оларға үрке қараймыз. Онда не үшін өз бауырларымызды бөліп жарамыз. Мойнына крест тағып жүргендерге немесе сол еврейлердің Қазақстанда салынып жатқан синагогасына тиіспейміз ғой. Ендеше, неге мешітке барған қазақ жастарына жала жабу дәстүрге айналды. Әлде, әлемдегі бүліктің бәрін жасап жатқан мұсылмандар деген жалған ақпарат жұрттың басын айналдырып алған ба? Әрбір орын алған қылмысты Исламмен байланыстыру кімдерге тиімді. Араб елдерін аралап, ойран салған батыстың ойыны бізде де жүр ме деп қаласың кейде. Себебі қазақтың қырық пышақ болуы сыртағылардың сұрқия саясатына сәйкес екені де жасырын емес. Бірақ, бұл бәленің бәрін құлшылықта жүрген қазақтың жастарына іздеу керек деген сөз емес қой. Ағайын, өз өзімізді алалап, өзгенің қақпанына түсіп қалмайықшы!
Журналист Самат СҮЛЕЙ