Жексенбі, 24 Қараша 2024
1963 0 пікір 16 Қазан, 2019 сағат 21:05

Қызылорда облысының бюджеті бекітілді

Бүгін облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен облыстық мәслихаттың 37 сессиясы өтті.

Күн тәртібінде он жеті мәселе қаралды. Облыстағы жергілікті автомобиль жолдарының жайы және оны жақсарту шаралары, мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзету арқылы қолдау шаралары мен 2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасын бекіту туралы баяндамалар тыңдалды.

2019 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында өңір экономикасына тартылған инвестиция көлемі - 264,1 млрд теңгені құрап отыр. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 80,4 млрд теңге, пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 483,4 мың шаршы метр, құрылыс жұмыстарының көлемі – 115,9 млрд теңге 2,3 есеге артқан. Сондай ақ, 9610 жаңа жұмыс орындары құрылған, оның 8918-і - тұрақты жұмыс орындары.

«Облыс бюджеті әлеуметтік бағыт-бағдарын сақтап келеді, бүгінгі бюджетті нақтылауда әлеуметтік салаға 1,3 млрд.теңге бағытталуда, яғни денсаулық сақтау, білім, спорт, мәдениет салалары біздің жұмыстың басты басым бағыттары болып қала береді. Сондай ақ, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысымен өнеркәсіп өндірісін есептемегенде өңір экономикасын сипаттайтын барлық макрокөрсеткіштер бойынша өсім қамтамасыз етілді. Өздеріңіз білетіндей, өнеркәсіп өндірісінің 70%-ға жуық үлесін алып отырған мұнай өндіру көлемі жыл сайын кемуде. Есепті кезеңде 4,2 млн. тонна мұнай өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 584,9 мың тоннаға немесе 12 пайызға азайды. Дегенмен, өнеркәсіп саласындағы жағдайды қалыпқа келтіру және бұл салада да өсімді қамтамасыз ету үшін өңір экономикасын әртараптандыруды қолға алдық. Ағымдағы жылы Индустрияландыру бағдарламасы шеңберінде балық өңдеу зауыты, күйдірілген кірпіш өндірісі және де күрішті өңдеу, құрама жем өндірісі іске қосылатын болады»,- деді аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов.

Сессия барысында облыс әкімі Қ.Ысқақов аймақтағы соңғы уақытта орын алған қоғамдық-саяси маңызды шараларға тоқталды.

Қыркүйек айында  ҚР Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Байқоңыр қаласында жұмыс сапарымен болып, кездесудің нәтижесі – келесі жылы Байқоңыр қаласында тағы 50 пәтерлік 5 үйдің құрылысы жүргізілмек. Ал,  ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау науқанын толығымен аяқталып,  ел тарихында күріш өндіруден рекордтық көрсеткіш биыл тағы да жаңаланып  87,9 мың гектар күріштің әр гектарынан 60,3 центнерден өнім алынып қамбаға 530,5 мың тонна Сыр маржаны құйылған.  Сонымен, 2019 жылдың 3 маусымында бас жобалаушы «Жоба» ЖШС-мен «Түркістан қаласындағы халыққа қызмет көрсету кешені (Шығыс Моншасы)» жоба-сметалық құжаттамалары әзірленіп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543