Сенбі, 23 Қараша 2024
4574 4 пікір 25 Қазан, 2019 сағат 13:31

Алматы облысындағы төбелестен кейін 70 Қытай азаматы елден шығарылды

Citic Construction кәсіпорнында заңсыз жұмыс істейтін шетелдік азаматтар тексерістен кейін депортацияланды, деп хабарлады "matritca.kz"  сайты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Талдықорған мамандандырылған әкімшілік соты, сондай-ақ Ақсу аудандық соты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 517-бабының 2-бөлігі (Шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың халықтың көші-қоны туралы заңнаманы бұзуы) бойынша 70 Қытай азаматына қатысты қозғалған әкімшілік істі қарады.

Ведомствоның хабарлауынша, 9 қазандағы сот шешімдерімен ҚХР-ның барлық 70 азаматы кінәлі деп танылып, оларға елден шығару түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Сот актілері күшіне енді, шет мемлекеттің азаматтары Қазақстан аумағынан шығарылды.

Қазан айының басында Талдықорған маңында жол құрылысымен айналысатын кәсіпорында шетелдік жұмысшылар мен жергілікті тұрғындар арасында жанжал шыққан. Citic Construction кәсіпорнының бір топ жұмысшысы видеоүндеу жазған. Онда ҚХР-ның үш азаматы жүргізуші – этникалық қазақты соққыға жыққаны айтылады.

Полицияның мәліметінше, жанжал төрт жұмысшы – Қытай азаматтары арасында болып, соңы төбелеске ұласқан. Төбелес салдарынан олардың бірі – этникалық қазақ жарақат алған. Кінәлілер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-1 бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Екінші күні бір топ жергілікті тұрғын жанжалдың мәнін түсінбей, кәсіпорын аумағында болған бірнеше шетелдік жұмысшыны ұрып-соққан. Салдарынан төрт Қытай азаматы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Жаппай төбелестен кейін құқық қорғау органдары тексеріс жүргізіп, заңсыз жұмыс істейтін 70 шетелдік жұмысшыны анықтады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357