Қазақстанда 2011 жылы маусымда 56 мыңнан астам жеңіл автокөлік тіркелді (толықтырумен)
Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ - Қазақстанда 2011 жылы маусымда 56 106 жеңіл автокөлік тіркелді, деп ҚР статистика агентігінің төрағасы Әлихан Смаилов дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында мәлім етті.
«Бұл былтырғы маусымдағымен салыстырғанда 23% артық», - деді А. Смаилов дүйсенбі күнгі брифингте.
Олардың 4,6 мыңдайы 2009-шы жылдан бері шығарылғандар, 29,3 мыңының пайдалану мерзімі 10 жылдан артқан.
Сондай-ақ статистика мәліметтерінше, жалпы санының 54 мыңдайы жеке тұлғалар тіркесе, 2180 автокөлікті - заңды тұлғалар тіркеген. Бұл ретте Алматыда 8310 жаңа автокөлік, ал Астанада 6189 жаңа автокөлік тіркелген.
Жалпы алғанда, Қазақстанда 2011 жылдың 1 шілдесіне 3 млн 320,5 мың жеңіл көлік бар екен.
Еске салсақ, 2010 жылдың 1 шілдесінен 2011 жылдың 1 шілдесіне дейін Қазақстанда жеке тұлғаларға автокөліктерді сырттан әкелуде жеңілдіктер қарастырылды. Маусым айында сырттан әкелінген автокөліктердің көптігінен кеден бекеттері қарбалас жұмыс істеді.