Жексенбі, 20 Сәуір 2025
Жаңалықтар 1882 0 пікір 15 Тамыз, 2011 сағат 14:24

Сомалидегі гуманитарлық дағдарысқа байланысты Стамбулда ИЫҰ шұғыл түрде министрліктердің отырысын өткізеді

Астана. 15 тамыз. ҚазТАГ - Сомалидегі гуманитарлық дағдарысқа байланысты Стамбулда Ислам ынтымақтастық ұйымының (ИЫҰ) шұғыл отырысы өтеді, деп ҚР СІМ ресми өкілі Асқар Әбдрахманов мәлі метті.

«17 тамызда Стамбұлда Түркияда Ислам ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) Атқарушы комитетінің төтенше отырысы болып өтеді, ол Сомалидегі гуманитарлық дағдарысқа және оны жедел еңсеруге бағытталған ИЫҰ қамқорлығындағы бірлескен іс-қимылдарға арналатын болады», - деді ол дүйсенбі күнгі брифингте.

ИЫҰ СІМК Төрағасы - ҚР Сыртқы істер министрі Е. Қазыхановтың төрағалығымен өтетін отырыс жұмысына Сомали Президенті Ш. Ахмед, Түркия Премьер-Министрі Р. Эрдоган, ИЫҰ Бас хатшысы Э. Ихсаноглу, Ұйымға мүше мемлекеттерінің министрлері қатысады.

ИЫҰ ең өзекті төрт проблеманың - азық-түлік қауіпсіздігін, денсаулық сақтауды, ауыз суды қамтамасыз етуге және экономиканы қалпына келтіруге бағытталған Сомалиге жәрдемнің арнайы бағдарламасын дайындады.

Сонымен қатар қазіргі уақытта ИЫҰ Сомали аумағында гуманитарлық операцияларды сындарлы іске асыра алатын жалғыз халықаралық ұйым болып табылады. Осыған байланысты, барлық негізгі халықаралық гуманитарлық институттар ИЫҰ қамқорлығындағы өз көмегін жолдап, Ұйыммен бұл бағытта тығыз ынтымақтасуда.

Кездесу қорытындылары бойынша Атқарушы комитет отырысының қатысушылары Қорытынды коммюнике қабылдайды. Стамбұлдық кездесу мүше мемлекеттер тарапынан Сомалиге гуманитарлық және қаржылық көмектің елеулі шоғырландырылуына мүмкіндік жасайды және ИЫҰ-ның Сомалиге көмектің арнайы бағдарламасын қорлармен қамтамасыз етеді деп күтілуде.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141