Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1782 0 пікір 16 Тамыз, 2011 сағат 05:55

Қырғызстанда президенттікке үмтікерлерді ұсыну аяқталды: елбасының тағына 83 үміткер дәмелі

Бішкек. 16 тамыз. ҚазТАГ - Қырғызстанда президенттікке үміткерлерді ұсыну аяқталды, деп ҚырТАГ хабарлады.

Мәлімет бойынша, сайлау және референдумдарды өткізетін орталық сайлау комиссиясына (ОСК) 86 үміткер өтініш беріп, кейін олардың үшеуі өз өтініштерін кері қайтарып алды. Олар - Болотбек Қазақбаев, Барыктабас Аземқұлов және Бектұур Асанов.

ОСК мүшесі Жениш Акматовтың айтуынша, соңғылары болып өтініш бергендер,  Акылбек Сариев, сондай-ақ Бакыт Керимов пен адвокат Марат Мергенов болды.

Сөйтіп, ОСК 83 өтінішті тіркеді.

«Президенттікке үміткер 83 адамның 67-сі өздерін-өздері ұсынғандар, 16-сы - саяси партиялардан, барлық үміткерлердің 77-сі - ер азаматтар», - деді Ж. Акматов сейсенбі күнгі түнге қарағанда өтініштерді қабылдау аяқталуына арналып өткізген баспасөз мәслихатында.

«83 үміткердің 80-і - қырғыз, 2-еуі орыс, 1-қазақ. Жастары 45-ке дейінгілер - 15 үміткер, 60-қа дейінгілер - 60 адам, 60-тан асқандар - 8 үміткер», - деді ол.

83 үміткердің 19-ы уақытша жұмыс істемейтіндер, 15-і мемлекеттік қызметтегілер, 42 адам акционерлік және жауапкершілігі шектеулі қоғам өкілдері, 8 адам қазіргі шақырылым депутаттары және 7 адам бұрынғы шақырылым депутаттары, 1 зейнеткер бар.

ОСК мәліметтерінше, барлық үміткерлерден 53 адам астана тұрғындары, олардың 52-сі - партияда жоқтар.

«77 үміткердің жоғарғы білімі бар және 1 адамда аяқталмаған жоғарғы білімі бар», - деді Ж. Акматов.

«Енді үміткерлер сайлауалды науқанды қаржыландыру үшін өздерінің жеке сайлау қорын құруы тиіс, ОСК арнайы шотына 100 мың сом құйып, өздерін қолдайтындардан кем дегенде 30 мың қол жинаулары тиіс», - деп атап көрсетті Ж. Акматов.

«Үміткерлерді тіркеу қыркүйектің 25-інде аяқталады да, сол күннен бастап үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары басталып, ол 29-шы қазанда аяқталады», - деді ОСК мүшесі.

Ж. Акматовтың айтуынша қазіргі мемлекеттік тіл комиссиясының құрамы бекітілген. «Алғашқы емтихан қыркүйектің басында өтуі тиіс, оның кестесі кейін жарияланады».

ОСК мүшесі «сайлау қорын құру мен емтихан кезінде үміткерлердің бірталайы сейіліп қалады, дегенмен үміткерлердің мұншама көптігі біраз ыңғайсыздық тудырады» дейді.

«Бізді, мысалы, келешектегі бюллетень мөлшері алаңдатады», - деді Ж. Акматов.

Ол сондай-ақ, ОСК, президент Роза Отунбаеваның қатысуымен тіркелген үміткерлердің форумын өткізбекші деді. Онда ұлттық бірлік туралы меморандумға қол қойылмақшы.

Президенттікке үміткерлер арасында саяси партия басшыларынан бастап, шаруа қожалықтардың төрағалары, жазушылардан бастап, ғалымдар, жұмыссыздар, зейнеткерлер т.б. мамандық иелері бар.

Қырғызстан президенттігіне сайлау 30-шы қазанға тағайындалған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543