Бейсенбі, 14 Қараша 2019
46 - сөз 1596 9 пікір 6 Қараша, 2019 сағат 11:51

Қазіргі қазақ өткен шақпен өмір сүреді

1492 жылы "Америка ашылды" деген хабар келгенде, талай европалықтар көшуге бел байлады. Көшкендердің дені кедейлер, баспанасы жоқтар, қашып жүрген қылмыскерлер және басқа да себептермен тәуекелге бет бұрғандар.

Австралия ашылғанда да Англияның кілең кедей-кепшіктері, еркекшора-қызтекелері, нашақорлар мен қылмыскерлері кеткені туралы біздің Англиядағы мұғаліміміз айтып берген еді.

Осы отырықшы европалықтардың "Ұлы көштеріне" қарап отырсам, жанкештілік пен қайсарлығын байқауға болады. Мыңдаған километр қашықтықта жатқан, белгісіз аймаққа, "мұхитта батып кетемін-ау" деген қорқынышын басып, жолға шықты. Тағы қайталап айтайын, бұл отырықшы европалықтардың осыдан 500 жыл ғана бұрынғы кейпі.

Ал өзімізге келсек, біз 500 емес, 5000 жыл көшіп жүрдік. Қанымызға көшу, мекен-жай ауыстыру, көктемде жайлауға, қыста қыстаққа бару деген функция сіңу керек еді. Алайда, бүгінгі қазақ "мен көшпендінің ұрпағымын!" деп кеудесін ұра ала ма?

Бүгінгі қазақ көшпенді емес. Тіпті көшпенді ата-бабасының жұрнағы мен иісі де қалмаған. Көрші қаладан қалаға көше алмай қалған. Бөтен елді былай қояйық, өз мемлекетінің ішінде көше алмайды. Стереотиптерге батқан, атасының зиратына жабысқан, өткен шақпен өмір сүретін қазақ. Жылағың келеді.

Самат Нұртазаның facebook парақшасынан

Abai.kz

9 пікір