Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2124 0 пікір 16 Тамыз, 2011 сағат 06:50

Сағат Жүсіп. Жауапсыз билік пен оның ақпарат құралдары

Жауапкершілікті  арқаламайтын билік, жауапкершіліксіз басқару органдарының болуы мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес. Кез келген билік «мен барлық жауапкершілікті арқалап жүрмін» дейді. Иә, солай болуы тиіс. Бұл - аксиома,  яғни дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Ал, биліктің жауапкершіліксіз ақпарат құралдарының болуы мүмкін бе? Әрине, мүмкін емес деген жауап естисіз. «Біз де билікпен бірдей жауапкершілікті арқалап жүрміз» дейді олар.

Бірақ, шын мәнінде үкіметтің бұқаралық ақпарат құралдары халық алдындағы жауапкершілігін билікпен бірлесіп арқалап отыр деп айта аламыз ба? Жоқ, айта алмаймыз. Үкіметтік БАҚ өтірік айтсын, біреуге жала жапсын, ақты қара, қараны ақ  десін, оны бұрыс жазды, айтты деп ешкім айыптай алмайды. Сотқа, жауапқа ешкім тартпайды. Себебі, одан еш нәтиже шықпайды. Сот та, төреші де, қаралаушы да, ақтаушы да оның құрылтайшысы - билік.

Үкіметтік ақпарат құралдарын тыңдасақ, оқысақ, елде жұмақ орнаған, бәрі тамаша, ешқандай кемшілік жоқ. Бірақ, шын мәнінде солай ма? Мысалы, тек қана өткен жылдың өзінде елімізде 1600-ден астам сыбайлас жемқорлыққа қатысты  қылмыстық істер ашылған. Бір министр, 5 вице-министр, 7 судья, 44 әкім, 58 құқық қорғау органдарының қызметкері, 31 сот әкімшілігінің өкілі сотталған. Ашылмаған істер, ұсталмай қашып жүрген, іздеу салынғандары қаншама. Осы мысалдың өзі БАҚ үшін қанша заңсыздықты, қанша әділетсіздікті ашып беріп отыр. Қанша тақырыпты, қанша зерттейтін дүниені алдына жайып салып отыр!

Бірақ бұл дүниелерді ашып, жазып жатқан атқарушы биліктің ақпарат құралдарын көрмейсіз. Себебі, олардың өзінде де, құрылтайшыларында да ешқандай жауапкершілік жоқ. Жауапкершілік - тек қана «бәрін қап-қара деп көрсететін», «тырнақ астынан кір іздейтін» оппозиция мен оның ақпарат құралдарында ғана.

Бұлай деуімізге толық негіз бар. Соңғы жиырма жыл ішінде жауапкершілікке тартылған, айыпталған, сотталған үкіметтік БАҚ редакторын, журналисін, құрылтайшысын, басылымын атап беріңізші. Тиражы баспаханадан ұсталған, банкрот боп жабылған, айып төлеген үкіметтік БАҚ көзі қанша ойлансам да есіме түспей отыр.

Олай болса, билік жауапкершілікті тек қана оппозициялық  басылымдарға, тәуелсіз журналистерге ғана артып  отыр деуге негіз бар. Үкімет орнына, оның шенеуніктеріне мына жерің қисық деп шамына  тисең  болды, сотқа тартыласың, жабыласың. Жабылған, банкрот болған «Дат», «Солдат», «Республика», «Тасжарған» сияқты басылымдар соның дәлелі, сотталған редакторлар Е.Бапи, Р.Есіргепов соның куәсі. Тіпті өздері сенім артқан депутаттардың өз сайлаушыларын сотқа беруі, Р.Мадинов сияқты депутаттардың 30 млн. теңге айып салып «Тасжарғанды» жабуы жауапкершіліктен биліктің ғана емес, Парламенттің де жұрдай екенінің дәлелі болса керек.

Сонда қалай болғаны? Жауапкершілікті арқалаған билік пен оның тармақтары бар да, олардың қызметі мен іс-қимылдарын халыққа жариялап отыруға міндетті, жауапкершілікті олармен бірдей атқаруға тиіс ақпарат құралдарының болмауы қалай?  Олар сол жауапкершілігі үшін бюджеттің, халықтың ақшасын жеп отыр емес пе? Бірақ, іс жүзінде олай болмай отыр. Үкімет БАҚ-ы жауапкершілікті өз құрылтайшыларымен бірдей арқаламақ орнына, биліктің заңсыздықтарын, әділетсіз іс-әрекеттерін көріп, біліп тұрып жасырып отыр. Басқа сөзбен айтқанда, сол үшін өз құрылтайшыларымен бірге қылмысты, жауапты болып отыр деген сөз.

Қызылорда қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522