Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
Жаңалықтар 2596 0 пікір 19 Маусым, 2009 сағат 13:12

Жалғас Ертай . «Қою» қойылым

 

Әлемнің 130 елінде, 80-нен астам тілге аударылған, әзербайжандық жазушы Үзейір Ғажыбековтың «Аршын Мал Алан» музыкалық драмасы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында Тұңғышбай әл-Таразидің режиссерлiгiмен сахналанды. Бұл ерекше уақытта қойылған ерекше қойылым болды. Зал лықа толғаннан көрерменнің дағдарыстық дүдәмал көңілден біруақ серпіліп, нағыз махаббат мейрамын аңсап келгенін білдік. Түркі тілінде сөйлеген тұңғыш опереттаның да көрермен назарына ұсынылғанына 100 жылға жуықтапты.

 

Әлемнің 130 елінде, 80-нен астам тілге аударылған, әзербайжандық жазушы Үзейір Ғажыбековтың «Аршын Мал Алан» музыкалық драмасы М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында Тұңғышбай әл-Таразидің режиссерлiгiмен сахналанды. Бұл ерекше уақытта қойылған ерекше қойылым болды. Зал лықа толғаннан көрерменнің дағдарыстық дүдәмал көңілден біруақ серпіліп, нағыз махаббат мейрамын аңсап келгенін білдік. Түркі тілінде сөйлеген тұңғыш опереттаның да көрермен назарына ұсынылғанына 100 жылға жуықтапты.

Мәдениеттің төрі саналатын Париж бен Ыстамбұлдың сахналарында қойылған дүние дегесін, әкемтеатрдың табалдырығын күдік пен үміт арпалысқан көңілмен аттаған едік. 
Қойылым басында заман қыспағына өз қарсылығын білдіріп, әйелдік теңдікті, еркін махаббат пен қосылу құқығын қып-қызыл бетінде ұяты ойнаған Гүлчаһра (Дәрия Жүсіп) жырлайды, аңсайды, армандайды. Сағым мұнарды, құр елесті, іздеусіз махаббатын... Ал қазіргі заман кейіпкері нағашы әпке Әсия (Данагүл Темірсұлтанова) нағыз жылпос, өз пайдасын білетін және сол үшін күресетін болып шықты. Ол Гүлчаһраны үгіттейді, мінейді, ойлантады. Ал ғашықтық сезім, көз ілеспес жылдамдықпен оның жүрек түкпіріне нық орнығып үлгереді. Сауда жасай  келген аршын малшы Әскер (Ерлан Біләлов) де найзағай жарқылымен бір көргеннен көңіл құрғыр кетеді, жүрек осал сыздайды да қалады, іздейді, абдырайды. Ғашығына жетпей тағаты таусылады, аршын мал ұмыт қалады, тегін таратады. Махаббат, ғашықтық кеңпейілдене түседі, жомарттана бастайды...
Сұлтанбек те - (Төлеубек Аралбай) қызық кейіпкер.

Бір жағынан, тосыннан топшылайтын міншіл, құрсауда қамап ұстайтын озбыр әке, екінші жағынан өз трагедиясы мен комедиясы бір бойында тұтасқан, жұптасқан ерек образ. Әсіресе, Төлеубек Аралбай орындауында тіпті жарқырай түскен. Бүкіл мюзикл жанрындағы комедиялық, комиктік жүкті арқалаған көзайым образ болып шықты. Өзіне жесір әйел іздеуі, келіп тұрған бағынан айырылуы, тіптен өз бағын қызының бақытына айырбастап жіберуі ерекше күлкімен қатар, өкініш те туғызады. Ал оның «құлақ кесті» малайы Телли (Шынар Асқарова) образы да шынайы сомдалған.
Теллиге сөз айта барған Вели (Жалғас Толғанбай) өз аңғалдығымен, шамалы аусарлығымен көзге түсті. Телли-Вели жұбы чеховтық мотивпен өрілген кішкене адамдар махаббаты көрінісін еріксіз көзге елестетеді. Ол екеуінің үйлену үшін сылтау таппауы, қожайындарынан именуі, ерек көңілді диалогтар өруі көрермен көңілін күлкімен байытып жібергендей болды. Ол екеуінің аузында дуалы сөздей естілген, заманды бүкпесіз шынайы сипаттаған « - Ақшаң бар ма? - Иә, иә, бар ақша» секілді сөз қағысулары ерекше назар аудартты.

«Жесір әйел» Жиһан (Ғазиза Әбдінәбиева) да кішкене кәрзеңкемен, өзіне тән жүрісімен Сұлтан-Бекті өзіне қаратып қана қоймай, бүкіл жиналған қауымды да күлкімен қарқ қылып тастады. Ғазиза апамыздың өзіндік стилін жазбай танитын кәнігі театрал көрерменнің өзі жаңа қырынан танып, ерекше риза болып қайтқандай болды. Ал Сүлеймен (Жандарбек Садырбаев) джентльмендік жүріс пен қолындағы таяқ, киген бас киім ұлттық әзербайжандық фон аясында ерек леп, соны серпіліс секілденді.
Финал жұптасқан махаббат мейрамына ұласты: Әскер-Гүлчаһра, Сұлтан-Бек-Жиһан, Сүлеймен-Әсия, Вели-Телли. Ешкім сырт қалмағандай...
Коллизиялық емес оқиға. Ешқандай артықшылық жоқ, қарапайым да жаппай ғашықтық тақырыбына құрылған сюжет өрісі адамды еріксіз елітіп әкетеді, өзіне тартады. Тартқаны былай тұрсын, оқиғаға араластырып, сомдалған образдар мен шырқалған әндер, биленген билер көрерменге бағытталады, соған арналады. Сол үшін де шынайы, сенімді шыққан.

Бір өкініштісі, жалпы, театр соңғы уақытта аударма үлгідегі қойылымдарды сахналауды әдетке айналдыра бастағандай. Аударма болуы керек, алайда театр заман айнасын айшықтайтын заманауи пьесалардан да кенде сияқты болады да тұрады.

 

 

Жалғас Ертай, ХҚТУ-дің студенті

«Жас қазақ» газеті, №24, 19.06.2009

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1558
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3358
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6272