Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Аңыз Абай 4342 1 пікір 11 Қараша, 2019 сағат 13:51

Италия, Германия қатарлы елдердің астанасында Абай ескерткіші орнатылады

Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 2020 жылы әлемнің бірқанша елінің астанасында ұлы ақынның ескерткіші орнатылмақ.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.

Рсеми ақпаратқа сүйенсек, һәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарасаңында Аустрия, Италия, Германия, Болгария, Ресей, Грузия, Үндістан, Латвия, Моңғолияның бас қалаларында қазақтың ұлы ақынының ескерткішін орнату мәселесін қолға алған.

«Осы ретте Қазақстанның Ресейдегі елшілігі 2006 жылы Мәскеу қаласында ашылған Абай ескерткішін заман талабына сай өзгертіп, жаңа үлгіде қайта жасап орнату туралы ұсыныс енгізіп жатыр. Мәдениет және спорт министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі шетелдерде ұлы ақынның 8 ескерткішін орнатуға атсалысуын сұраймыз», – делінген министрлік ақпаратында.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1150
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 799
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 770