Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Талқы 4925 35 пікір 12 Қараша, 2019 сағат 12:26

Жаңа әліпби қарапайым және икемді болуы тиіс!

Қазақстанның қоғамдық, әлеуметтік-рухани өміріндегі барынша маңызды жайттың бірі - жаңа әліпби нұсқасы еліміздің барлық саласы  азаматтарының мүдделілігі мен қызығушылығын туғызып отырғандығы түсінікті. Солардың қатарында сыртқы саясат, халықаралық қатынас саласындағы азаматтарымыздың да осы мәселеге айрықша назар аударып, немқұрайлы қарай алмайтындығы – заман талабы. Бұл тұрғыдан келгенде, әлем жұртшылығымен тығыз араласып, өзге мемлекеттердің тәжірибесін мұқият зерттеп, жетік білетін, шет тілдерін меңгерген дипломатиялық сала мамандарының да айтары бар әрі барынша ескеруге тұрарлық деп санаймыз.

Осы мақсатта кәсіби диломат, ана тілімен қатар бірнеше шет тілдерін меңгерген маман Нұрболат Әлімбаевтың дайындаған латын әліпбиі нұсқасын (қосымшада берілген) жолдап отырмыз.

Автор берілген нұсқаны әзірлеу кезінде келесі қағидаттарға сүйенген:

1. Қазіргі заманғы әлемдік тіл білімі ғылымының негізін қалаушылар француз мамандары болғандықтан, қазақ тілінің латын әліпбиін құрастыру үшін француз тілінің кейбір заңдылықтары мен ерекшеліктері ескерілді.

2. Жаңа әліпби, мүмкіндігінше, қарапайым және икемді болуы тиіс, яғни әріптерден бөлек таңбаларды мейлінше шектеп, қазақ тілінің дыбыстау ерекшеліктері кеңінен ескерілді.

3. Қазақ тілінің латын әліпбиі компьютердің клавиатурасына мейлінше икемделген, ақпараттық технология мамандары толық келісер, яғни мәтін теру, жазуға барынша қолайлы, оңай болуына баса еназар аударылды.

Қазақ тіліне арналған латын әліпбиі

Мұхтар Кәрібай

Abai.kz

35 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 864
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2263
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 583
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 559