Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2659 0 пікір 17 Тамыз, 2011 сағат 09:32

Астанада цифрлық технологиялар индустриясының көшбасшылары бас қосады

Астанада цифрлық  технологиялар индустриясының көшбасшылары бас қосады.

Орталық Азиядағы аса ірі «Digital Communications Kazakhstan-2011» көрме- конференциясы  үстіміздегі жылдың 14-16 қыркүйегі аралығында Астана қаласында өтеді.

Қазақстан, АҚШ, Ресей, Европа және Қытай елдерінен келетін 400 делегат пен 65 баяндамашы Тәуелсіздік сарайында 3 күн бойы ұялы байланыс, телекоммуникация, сандық ТВ, кеңжолақты  интернет, ақпараттық технологиялар, Е-үкімет, Е-сауда, интерактивті жарнама және әлеуметтік медиа саласындағы өзекті тақырыптарды талқылайды.

Конференцияға қатысушылар арасында АКТ индустриясының көшбасшылары - «IAB Europe» компаниясының Президенті және Бас директоры Алан Оро, «НР» инновациялық орталығының директоры Пол Джеремаес, «TIMWE» компаниясының негізін қалаушы Рикардо Карвальо, «Huawei Technologies» компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдері бойынша президенті Тан Кибин, Ресейдегі «Google» компаниясының атқарушы директоры Владимир Долгов, «SAP» компаниясының вице-президенті Стив Цикакис, Ресейдегі «НТС» компаниясының аймақтық директоры Андрей Кормильцев, Mail.Ru Group вице-президенті Алексей Катков, "КаР-Тел"(Beeline см) компаниясының бас директоры Алексей Блюмин, «Қазақтелеком» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Қуанышбек Есекеев мырзалар және Қазнеттің әйгілі жоба өкілдері бар.

Конференцияның соңғы күні "Қазнеттің болашағы", «Интернетте авторлық құқықты сақтау» туралы пікірсайыстар ұйымдастырылатын болады. Оған технология сарапшылары, инвесторлар, кәсіпкерлер, стартаперлер, жарнама бизнесінің өкілдері, студенттер, БАҚ өкілдері мен  блоггерлер қатысады.

Тұңғыш рет Digital Communications Kazakhstan 2011 іс-шарасы аясында Қазақстанның IT-менеджерлері қауымдастығын құру жөніндегі отырыс өтеді. Бұл отырыс Қазақстандағы ақпараттық технологиялар саласының құзыретін және әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Қатысушылардың назарына АКТ индустриясы көшбасшылары HP, IBM, IAB, «Қазақтелеком»АҚ, «Зерде»ҰАХ» АҚ, ҚБТУ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, HTC, Sony, Huawei, Beeline, TIMWE, 1C, Tern, Google, Mail.ru, SAP, OpenText, Ericsson, Kiwi, Namba компанияларының инновациялық жобалары ұсынылады.  Қазақстандықтар халықаралық және қазақстандық компаниялардың ақпараттық технология, ұялы байланыс және телекоммуникация саласындағы соңғы инновацияларымен танысатын болады. Мәселен, NFC (жақын радиусты сымсыз радиобайланыс), сандық құрылғылар көмегімен қазақ тілін үйрену қосымшалары, саусақ қозғалысымен басқарылатын технологиялар, спутниктік және ұялы байланыс технологиялары көмегімен жұмыс істейтін навигациялық жүйе, Қазақстанда жасалған 3D стерео фильм,   қосымша шынайылық технологиялары тұңғыш рет Қазақстан қоғамының назарына ұсынылады.

«Digital Communications Kazakhstan-2011» іс-шарасының ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі мен «J'son & Partners» компаниясы.

Іс-шараның демеушілері: «Huawei», «Қазақтелеком» және  «НТС» компаниялары.

Толығырақ ақпаратты төмендегі сайттан біле аласыздар:

http://www.digitalcom2011.kz/

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5501