Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3028 4 пікір 13 Қараша, 2019 сағат 11:36

Біздің қоғамды түсіну үшін Алаш Орда үкіметін зерттеу қажет

Біздің қоғамды түсіну үшін бергі замандағы Алаш Орда үкіметін зерттеу қажет. XX ғасырдың басында қазақ халқы ермеді көзі ашық зиялының соңынан. Неге ермеді? Себебі, Алаш Орданың үстінен де өз қазағымыз түрлі әңгіме, өсек, жала таратып, елді адастырумен болған. Осы тақырыпты кеңірек зерттеу қажет. Себебі, біз сол деңгейден ұзап кеткеніміз жоқ.

Бірінші таққан айыбы, Алаш Ордашылар көбіне байдың балалары болған. Отқа май құйғандай кеңестер кедейлердің құқығын қорғаймыз деген тәтті ертегіге сендірген. Оқымаған кедей таптың балдары өз ішінен шыққан байдың балаларын ата жауы санаған.

Екіншіден, елдің басы бірікпеген. Қазақ сол заманда да бірін-бірі мойындамаған. Кез келген тұлғадан шұқылап жүріп бір кемшілік табатын болған. Одан шықпаса туысынан тапқан. Әкең халық жауы, ағаң елдің жауы деген тупой айыптауға, жалаға сенген. Шолақ белсенділер шапқылап жүріп тұтас елді сендірген. Осы жері біздің заманда да жалғасуда.

Үшіншіден, ел ішінде арнайы агенттер жұмыс істеген. Олар қазақтан шыққан. Әйтпесе шеттен келген Голощекин айдаладағы қазақтың ішінде кімнің кім екенін қайдан білсін?! Өзіміз ұстап бергенбіз. Бұл біздің заманда да жалғасуда. Бірақ сәл басқа формасында.

Төртіншіден, халықтың деңгейі өте төмен болған. Қарапайым мысал, бүгінгі XXI ғасырдағы біздің қоғамның деңгейі осы болса 100 жыл бұрынғы көшпелі, оқу оқығаны аз қазақтың ой-өрісін елестете беріңіз. Жауабы шығады.

Бесіншіден, еркіндік деп түрлі ағымдар, саяси қозғалыстар көп болған. Мұстафа Шоқай бір бөлек, Алаш Орда басқа форматта, Тоқаш Бокин кеңестер деп түрлі топтарға бөлінген. Бәрінің жауы ең күшті кеңестер болса да басы бір қазанға сыймаған. Тура бүгінгі біз секілді. Арасына от салып оп-оңай жеңген ғой.

Ең қинайтыны осының бәрінен сабақ алған қазақ қоғамы әлі жоқ. Себебі, кеңестер 70 жыл биледі. Кейінгі 30 жылда деколонизация өтпеді. Коммунистер тәрбиелеген бүгінгі элита әлі отыр. Қазақты дүбәрә қылып жіберген. Қазақты бөлу, ақымақ қылу өте оңай. Тіл, дін, саяси ұстанымы бөлек халық сәл жел түртсе өзі де қырылысуға дайын тұр. Бүгінгі ел арасында да әдейі тақырып тастайтын, белгілі мәселелерді көтеретін азаматтар жетерлік.

Жалпы алғанда ұлттың оянуы тұтас мемлекеттік саясатпен реттелмесе қоғам өзін-өзі алып шығатын деңгейге жетуі қиын. Қателіктің құны өте ауыр біздің менталитетте. Идеальный болуы керек. Сәл қателік жіберсе кез келген талантты ұлын есекке теріс мінгізіп, таптап, соңынан "Точно өлді ма?" деп шекесінен контрольный атып кететін халқымыз бар. Кемшілікті тұлғаның өзінен таппаса туысынан не қатынынан табады бұл қазақ. Бұның бәрі біздің халықтың мойнында бар мінездер. Бізге өз тарихымызға сыни көзбен қарап, өзімізді өзіміз емдейтін қоғам керек. Өтірік мақтан, біз мықты ұлтпыз, Шыңғыс хан қазақ, анау жаман, мынау сүрінді деген қоғам әлі 50-60 жыл осы деңгейде отырады. Отыруға бүгінгі жүйе көмектеседі. Себебі өз халқын жақсы біледі. Қаласа бір бірімен айтыстырып, елдің ойын бұра алар мүмкіндігі де, ел ішінде арнайы адамдары да бар. Оны ажырататын қоғамның деңгейі әлі өсуі қажет...

Бауыржан Серікбайдың facebook парақшасынан

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1480
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475