Қазақтың байлығы – Митталдың мәрттігі
Қазақстандағы көмір кендері мен Теміртаудағы ірі өнеркәсіпке ұзақ жылдардан бері иелік етіп, «Форбс»-тың бетінен бермей әлемдегі байлардың көшін бастап келе жатқан Миттал Англияда 2012-шні жылы өтетін олимпиадаға тарту ретінде құны 21,7 млн. фунт стерлинг тұратын «ArcelorMittal Orbit» деп аталатын нысан салдырып жатыр. Аталған соманың тек үштен бірін ғана Лондон билігі көтерсе, қалған бөлігін миллиардер Миттал қалтасынан төлепті. Митталдың мәрттігінің арқасында бой көтеріп жатқан «ArcelorMittal Orbit» биіктігі жағынан әлемді аузына қаратады деседі.
Митталдың ағылшындарға жасап жатқан тартуына жұмсалған қаржыда қанша қазақтың нақақ көз жасы бар екен... Жалақыға жарымай жүрген Теміртаудағы жұмысшылар, жылда тас көмірге бастырылып қырылып жататын шахтерлер 21,7 млн. фунт стерлингте осылардың табан ақы, маңдай тері аспаннан түскен ақшадай кеткен шығар...
Мәрт Миттал Қазақстан Тәуелсіздігінің жиырма жылдығына не тарту етер екен?.. Әлде өз бидайымызды өзімізге қуырып бергенді ыңғайсыз көрер ме екен?!
"Абай-ақпарат"