Бүгін Қазақстанда сенат депутаттығына сайлау өтеді
Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ - Айнагүл Бекеева. Жұма күні Қазақстанда сенат депутаттығына сайлау өтеді.
Республиканың 16 өңірінде (14 облыс орталықтары мен Астана және Алматыда) сағат 10:00 және 11:00-де сайлаушылардың - әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының (жергілікті өкімет органдарының) дауыс беруі басталады.
3335 депутаттың сайлауға 3228 депутаты қатысады.
Биылғы сайлауда 16 орынға тіркеуден өткен 39 үміткер таласады. Еліміздің барлық аймағында сайлау балама негізде өтіп жатыр. Үміткерлер негізінен «Нұр Отан» партиясынан (25), «Ақ жол» және «Ауыл» партияларынан - біреуден, 8 - партияда жоқтар, және 4-үміткер өздерінің партияға қатыстылығын көрсетпеген.
Дауыс беру кезенде сайлау учаскелерінде жергілікті және халықаралық бақылаушылар қатысады. Сайлауға 68 халықаралық бақылаушы тіркеуден өткен. Оның ішінде 60 адам ТМД миссиясынан және 8 адам Достастықтың парламентаралық ассамблеясынан. Сонымен қатар сайлауға 11 шетелдік журналист келді. Жалпы алғанда ҚР СІМ-де шетелдік 181 БАҚ өкілі тіркелген. Олар Қазақстан территориясында жұмыс атқарады.

Парламенттің жоғарғы палатасында барлығы 47 орын болса, оның 15 орнына мемлекет басшысы тағайындайды, 32 депутатты мәслихаттар сайлайды (әр облыстан және елорда мен республикалық мәндегі қаладан 2 адамнан). Сенат депутаттары 6 жыл мерзімге сайланады. Әр 3 жылда сенаторлардың жартысы (16 адам) қайта сайланады. Соңғы рет сенатқа сайлау 2008 жылы өткен.