Ақтөбе облысында жыл аяғына дейін 2 көкөніс қоймасы мен 50 шағын жылыжай салынады
Ақтөбе. 19 тамыз. ҚазТАГ - Ақтөбе облысында облыс орталығы мен өндірістік зонада коммуналдық базары бар екі көкөніс сақтау қоймасы мен 50 шағын жылыжай биылғы жыл соңына дейін тапсырылады, деп облыс әкімшілігінен хабарлады.
«Жаңа «Бизнесті дамыту орталығы» ЖШС көкөніс қоймасы биыл пайдалануға тапсырылады. Жоба құны Т233,2 млн», - деді ЖШС директоры Саурамбек Рахиев.
Одан басқа биыл қуаты 3 мың тонналық «Килико-Тун» ЖШС көкөніс қоймасы пайдаланысқа тапсырылады. Көкөніс қоймасы заманауи барлық талаптарға сай, желдеткіш және салқындатқыш жабдықтармен жабдықталған.
Сонымен қатар шағын жылыжай кешен құрылыстары да жалғасуда. Оны «Ауыл шаруашылықты қолдау қоры» АҚ іске асырып жатыр. Жоба аясында ауданы 400 шаршы метр болатын 50 шағын жылыжай салынбақшы. «Жоспар бойынша жылына 500 тонна көкөністі қалада сату және 20%-ын экспорттау жоспарлануда», - дейді жобаны ұйымдастырушылар.
Тағы бір салынып жатқан «Әлем-Тағам» ЖШС жылыжай кешенінің жобалық қуаты 800 тонна көкөніс (қызанақ пен қияр) өндіруге есептелген. Оны «Ақтөбе» ӘКК салуда.
Бұл жобалардың барлығы үкіметтің үдемелі индустриалдық-инновациялық бағдарламасы аясында салынуда.