Сәрсенбі, 14 Қазан 2026
Жаңалықтар 344 0 пікір 14 Қазан, 2026 сағат 13:08

Ахмет айлығы»: Ұлт ұстазының мұрасы ұрпаққа аманат

(Сурет:шара ұйымдастырушыларынан алынды)

Ахмет Байтұрсынұлының ағартушылық мұрасын дәріптеу мақсатында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігі қазан айында «Ахмет айлығын» өткізуде. Ағартушылық бастама аясында еліміз бойынша 100 іс-шара ұйымдастыру жоспарланған.

Іс-шаралар Алматы, Астана, Қызылорда, Тараз, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау қалаларындағы білім беру ұйымдары мен әскери бөлімшелерде өткізіледі. Кездесулер ұлт ұстазының шығармаларын талқылауға, оның еңбектеріндегі білім, бірлік, адамгершілік пен елге қызмет ету идеяларын кеңінен насихаттауға бағытталған. «Ахмет айлығы» барысында қатысушылар ұлт ұстазының еңбектерін талқылап, оның идеяларының қазіргі өмірмен сабақтастығын зерделейді.

«Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің бұл бастамасы Алматы, Астана, Қызылорда, Тараз, Павлодар, Қарағанды және Көкшетау қалаларында ұлттық руханиятты жаңғыртып, қоғамда білімге, адамгершілікке және ортақ жауапкершілікке негізделген құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Саналы қоғам – сапалы мемлекет. Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі мұрасын ұрпақ санасына сіңіру, ел болашағына қызмет етудің маңызды жолы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 992
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1344