Сәрсенбі, 25 Желтоқсан 2024
3419 0 пікір 1 Қазан, 2019 сағат 10:24

Алматы бірлік пен келісім ордасы

18 қыркүйек күні Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі әсем Алматымыздың туған күніне арналған «Алматы бірлік пен келісім ордасы» атты дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға философия ғылымдарының докторы Мұрат Сәбит, Қазақстандағы «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталғының директоры Адам Байпалов, «Озан» Әзірбайжан қоғамдық қорының төрағасы Гариб Мәмедов және Жоғары медицина коллледжінің студенттері мен кітапханашысы Әлия Саяқбайқызы, І.Нүсіпбаев атындағы №4 мектеп-интернаттың 10-11 сынып оқушылары мен ұстаздары қатысты. Алматы еліміздегі ерекше қалалардың бірі. Қазақстан тарихы кітап іспетті. Сол кітаптың көптеген беттері осы Алматы қаласында жазылды деуге болады.

Осы қалада қазақ халқының атақты ұл-қыздары өмір сүрді. Алматыда классик ақын-жазушылар Мұхтар Әуезұлы, Ілияс Жансүгірұлы, Сәбит Мұқанұлы, Мәриям Хакімжан, Ғабит Мүсірепұлы, Бердібек Соқпақбайұлы, өнер аспанына дауысы бұлақ суындай сыңғырлаған әнші Күләш Байсейіт, мың бұралған ұлы биші Шара Жиенқұлқызы, Әбілхан Қастейұлы бастаған суретшіліер, Сұлтан Қожық, Шәкен Айманұлы, Мәжит Бегалин, Абдолла Қарсақбай сынды кинорежиссерлер, Елубай Өмірзақ, Қалибек Қуанышбай, Қанабек Байсейітұлы, Сәбира Майқан, Фарида Шәріп, Әнуар Молдабек, Асанәлі Әшімұлы сынды театр және кино әлемінің саңлақтары өмір сүрді.

Әлемге белгілі жеміс Алма атын иеленген қалада батырлар Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметқызы, Қасым Қайсенұлы, Рақымжан Қошқарбай тағы басқалар ғұмыр кешті. Алматы қаласында Қазақстан ғылымының дамуы басталды. Ғылым Академиясын құрған ғалым Қаныш Сәтбайұлы, Әлкей Марғұлан, Алтын Адамды тапқан Бекен Нұрмағамбетұлы, Кемел Ақышұлы тағы басқа да ғалымдар көптеген ғылыми жаңалық ашты. Алматыда Қазақстанның ең үздік жоғары оқу орындары орналасқан.

Түрлі газет-журналдардың баспалар орналасқан. Алматымен танысамын деген кім болса да қаладағы мәдени кешендерді айналып өтпесі анық. Қаладағы мұражайлар мен кітапханалар, Медеу мұз айдыны тағы басқа да мәдени кешендерадамдарды рухани байытуда әсері мол. Қалада көптеген спорттық жарыстар өтіп жатады. Әрине Алматының байлығы ең алдымен қала тұрғындары. Қалада қазақ ұлты мен қатар басқа да ұлт өкілдері тұрады. Қазақ халқы мен басқа да ұлттар өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан қала күннен күнге көркеюде. «Алматы бірлік пен келісім ордасы» атты дөңгелек үстеліне қатысқан қонақтар жастарға қала тарихы мен жетістіктері туралы көптеген қызықты мәліметтер айтты. Қонақтардың бәрі де Алматының бүгінгі гүл қала болуына Қазақстанда тұратын азаматтардың қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Шара барысында студенттер мен мектеп оқушылары қонақтарға көптеген сұрақтар қойды. Өз кезегінде кітапхана қызметкерлері де пікірлерімен бөлісіп қонақтарға осы күн есте қалсын деп сый-сияпат тарту етті.

Бердалы Оспан

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2031