Жұма, 27 Қараша 2026
76 0 пікір 27 Қараша, 2026 сағат 19:07

Алматыда 29 қараша күні қоғамдық көлікте жол жүру тегін болады

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінен алынды

Алматыда 29 қараша, мәслихат депутаттарын сайлау күні тұрғындар мен қала қонақтары қоғамдық көлікте тегін жүре алады. Бұл туралы Алматы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасының өкілдері айтты.

Қаладағы барлық автобус, троллейбус бағытында және метрода күні бойы жол жүру тегін болады.

Бұл шара дауыс беру күні қала тұрғындарының қатынауын жеңілдету мақсатында қолға алынды.

Алматы тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық көліктің жұмысын ескере отырып, сапарын алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Abai.kz

0 пікір