Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 4084 0 пікір 18 Қараша, 2019 сағат 10:28

Мемлекет басшысы Азия даму банкінің президенті Такехико Накаоны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Такехико Накаоға ілтипат білдіріп, Қазақстан мен Азия даму банкінің арасындағы әріптестіктің 25 жылдығымен құттықтады.

– Қазақстан Үкіметі мен Азия даму банкі арасындағы ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесіңіз үшін ризашылық білдіреміз. Банктің ел экономикасының өркендеуіне атсалысуы өте маңызды. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – деді Президент.

Азия даму банкінің президенті Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен таныс екенін жеткізіп, аталған стратегиялық құжаттың негізгі бөлімдеріне, әсіресе, оның әлеуметтік маңызына оң бағасын берді. Оның айтуынша, Жолдаудың мақсаты мен міндеті Азия даму банкінің даму басымдықтарымен үйлеседі.

– Сіз Жолдауыңызда адамдардың тұрмыс сапасын жақсартуға және мұғалімдердің жалақысын арттыруға зор көңіл бөлдіңіз. Бұл – адам капиталы дамуының маңызды бөлігі. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды әрқашан қолдаймыз, – деді Такехико Накао.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5504