Жұма күні Қазақстанның солтүстігінде күн суытады – Қазгидромет
Астана. 19 тамыз. ҚазТАГ - Жұма күні Қазақстан территориясына бұрынғысынша циклон ықпал етіп, атмосфералық тұтас ағым өтуінен кей жерлерінде өтпелі жауын жауып, күн күркіреп, жел күшейіп, республиканың солтүстігінде күн салқындайды, деп «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
Болжам бойынша, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында күн күркіреп, өтпелі жауын жауады. Күндізгі ауа температурасы +14+19 градус болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өтпелі жауын жауып, ауа температурасы сәйкесінше, +18+23 және +32+35 градус болады.
Қазақстанның оңтүстігінде де өтпелі жауын жауады. Алматы облысында ауа температурасы +31+36, Жамбыл облысында +36+39, Оңтүстік Қазақстан облысында +32+37, Қызылорда облыстарында +27+32 градус болады.
Қазақстанның батысында Ақтөбе облысында ғана жауын жауады. Мұнда күнді ауа +28 градусқа дейін ысиды. Батыс Қазақстан облысында жауын жаумайды, +24+28, Маңғыстау облысында +30+33 градус, Атрыау облысында +28+33 градус болады.
Астанада ала бұлтты, күндіз күн күркіреп, өтпелі жауын жауады. Солтүстік-шығыстан соққан жел 9-14 м/с болады, екпіні 18 м/с. Ауа температурасы +16+18 градус болады.
Алматыда да ала бұлтты, өтпелі жауын жаууы ықтимал, 0-5 м/с самал соғады. Күндіз ауа температурасы +33+35 градус болады.