Астанадағы «Жоламан» аэродромында 21 тамызда авиашоу өтеді
Алматы. 19 тамыз. ҚазТАГ - 2011 жылғы 21 тамызда Астана қаласының «Жоламан» аэродромында ҚР көлік және коммуникация министрлігінің «Мемлекеттік авиациялық орталық» РМК құрылғанына бес жыл толу құрметіне орай мерекелік авиашоу өткізіледі, делінген ККМ баспасөз қызметі таратқан хабарда.
Авиаторлар мерекесіне ҚР Сенат Парламентінің депутаты Мұхтар Алтынбаев, ҚР бірінші ғарышкері Тоқтар Аубакіров, ғарышкер Талғат Мұсабаев, азаматтық авиация комитетінің төрағасы Рәділбек Әдимолда, сондай-ақ, қорғаныс министрлігі, әуе қорғаныс күштері, білім министрлігі және авиация ардагерлері шақырылды.
Іс-шараның бағдарламасында парашютшілер мен планердің ұшу өнері, қону дәлдігіне және қону сапасына курсант-ұшқыштар арасында іріктеме жарысы, сонымен қатар, нұсқаушы-ұшқыштар арасында бәсекелер өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар, 14-18 жастағы жастар арасында авиацияны дамыту тарихы бойынша сұрақ-жауап сайысын өткізу жоспарлануда. Сайыстың жеңімпаздарына ұшақтарда ұшуға мүмкіндік беріледі.

«Мемлекеттік авиациялық орталық» РМК Қазақстан Республикасы Президентінің 21.04.2006 жылғы №1881 тапсырмасын орындау, 2006 жылғы 17 қарашадағы №1085 «Шаруашылық жүргізу құқығында Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігі азаматтық авиация комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Мемлекеттік авиациялық орталығын» құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес іске асыру шеңберінде құрылды. Орталықтың құрылу мақсаты азаматтық авиация және Қазақстан Республикасының әуе қорғаныс күштеріне мамандар дайындаумен айналысатын ұйымдар үшін ұшқыштар мен техник-механиктерді алғашқы дайындықтан өткізу базасын қалыптастыру.