"Менің бұл орынға жармасып қалмаймын. Бұл сайлауға өзімді ұсынамын, бірақ сендердің бұған қарсы екендеріңді сезсем, уайымдайтыным анық, дегенмен сендер менен сайлауда бас тартуларың керек" деді ол.
Лукашенко кезекті президент сайлауы 2020 жылы жазда өтетінін жариялады. Ол Конституцияға өзгеріс енгізілетінін айтты, бірақ президент сайлауы өткенше күте тұруға уәде берді.
"Президент сайлауына дейін Конституцияны өзгертеміз деп айту ақымақтық болар еді. Бұл жұмысты бастауға уәде беремін. Оны Конституциялық соттағы мықты мамандарға тапсырамын" деді Лукашенко.
Александр Лукашенко 25 жыл ел басқарып келеді. 1994 жылы ол республика тарихындағы алғашқы президент атанды. Лукашенко ұзақ уақыт билік басында қалуы үшін Конституцияны бірнеше мәрте өзгертті. ЕҚЫҰ мен ЕО елдері бірнеше сайлауды легитимді деп танымады, ал Лукашенконы әлемде "Еуропаның соңғы диктаторы" деп жиі атайды.
Abai.kz