Сенбі, 23 Қараша 2024
2907 10 пікір 19 Қараша, 2019 сағат 13:19

Прокурор "ҚДТ-ға қатысы бар" деп айыпталғандардың бостандығын шектеуді сұрады

Қазақстанда тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысына қатысы бар деп айыпталған төрт тұрғынның сотында прокурор Мұхит Рысбеков әр айыпталушының бас бостандығын екі жарым жылға шектеуді сұрады.

18 қараша кешкісін өткен отырыста Рысбеков судьядан шешім шығарғанда айыпталушылардың сотқа белсенді қатысқанын, кішкентай балалары барын ескеруді сұрады.

Прокурордың пайымдауынша, айыпталушылардың "ҚДТ қозғалысының жұмысына араласқаны толық дәлелденген". Бұдан бөлек, Рысбеков айыпталушылардың "тергеу кезінде қысым жасалды" деген сөзіне де күмән келтірді.

Сот кезінде адвокат Ғалым Нұрпейісов сотқа экс-банкир, Қазақстан билігін сынаушы, 10 жылдан бері шетелде тұрып жатқан Мұхтар Әблязовты (ҚДТ қозғалысының жетекшісі) видео арқылы қосып, жауап алуды сұрады. Судья Құралай Дарханова адвокаттың шағымын қанағаттандырды, бірақ Әблязовтың сотқа келуін талап етті.

Айыпталушылар тағылған айыптарды мойындамады, соттан өздерін ақтауды сұрады. Адвокаттары да олардың сөзін қолдады.

Сот үкімі 19 қарашада шығуы тиіс.

Сотта ісі қаралып жатқан 30 жастағы Оксана Шевчук, 51 жастағы Гүлзипа Жаукерова, мен 36 жастағы Әнуар Әшіралиев қамауда отыр. Ал 48 жастағы Жазира Демеуова кепілмен босатылған. Тамыз айында қазақстандық құқық қорғаушылар Жазира Демеуова, Гүлзипа Жаукерова, Әнуар Әшіралиев пен Оксана Шевчукті саяси тұтқындар тізіміне енгізген. Қазақстан билігі елде саяси тұтқындар барын жоққа шығарады.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435