Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
4254 0 пікір 20 Қараша, 2019 сағат 10:38

Қазақстанда сотталған экс-депутат Асылбекуулы Қырғызстанға экстрадицияланды

Қазақстанда 12 жылға сотталған Қырғызстан парламентінің экс-депутаты Дамирбек Асылбекуулы Қырғызстанға экстрадицияланды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Жазаларды орындау мемлекеттік қызметі хабарлады.

Асылбекуулы Қырғызстанға 18 қарашада жеткізілген және қазір тергеу изоляторында отыр.

"Қазақстан сотының шешімін Қырғызстан Қылмыстық кодексімен сәйкестендіру үшін іс материалдары Жоғарғы сотқа жолданды. Сот шешіміне сай жаза мерзімі белгіленеді" деп хабарлады Қырғызстанның Жазаларды орындау мемлекеттік қызметі.

Қырғызстандық ақпарат агенттіктері Дамирбек Асылбекуулымен бірге тағы Қырғызстанның тағы екі азаматы экстрадицияланғанын жазды. Жазаларды орындау мемлекеттік қызметі растамады.

Дамирбек Асылбекуулу 2018 жылы 15-16 ақпанда бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы мен Жамбыл облысында өткен арнайы операция кезінде қамауға алынған. Оған "Шекарадан контрабанда тауарын өткізбек болды" және "трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты" деген айып тағылған. Бұл іс бойынша барлығы 12 адам сотталған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1341
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2914
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 992
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 926