Сенбі, 23 Қараша 2024
3962 2 пікір 20 Қараша, 2019 сағат 10:39

Сот "ҚДТ-ға қатысы бар" деп айыпталғандардың бас бостандығын шектеді

Алматы қаласы Алмалы аудандық соты елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) қозғалысына қатысы бар деп айыпталған қала тұрғындары Оксана Шевчук, Гүлзипа Жаукерова, Әнуар Әшіралиев және Жазира Демеуованың бас бостандығын бір жылға шектеді. Үкім 19 қарашада шықты.

Бұған қоса, Жаукерова, Әшірәлиев және Демеуова бір жыл ішінде 100 сағат қоғамдық жұмысқа тартылады. Судья Құралай Дарханова Шевчуктің кішкене баласы барын ескеріп, оны 100 сағаттық жұмыстан босатты. Сот шешімі әлі күшіне енген жоқ, айыпталушы тараптың апелляциялық шағым түсіруге құқығы бар.

18 қарашадағы сот отырысында прокурор соттан төрт айыпталушының бас бостандығын екі жарым жылға шектеуді сұраған. Ал айыпталушылар тағылған айыптарды мойындамай, соттан өздерін ақтауды сұраған.

Сотта ісі қаралып жатқан 30 жастағы Оксана Шевчук, 51 жастағы Гүлзипа Жаукерова, мен 36 жастағы Әнуар Әшіралиев жаздан бері қамауда отыр. Ал 48 жастағы Жазира Демеуова кепілмен босатылған. Тамыз айында қазақстандық құқық қорғаушылар Жазира Демеуова, Гүлзипа Жаукерова, Әнуар Әшіралиев пен Оксана Шевчукті саяси тұтқындар тізіміне енгізген. Қазақстан билігі елде саяси тұтқындар барын жоққа шығарады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435