Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 4708 30 пікір 20 Қараша, 2019 сағат 13:46

Божко: Ауыл әкімдеріне жоғары білімді болу міндетті емес

Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко ауыл әкімдерінен жоғары білім туралы диплом талап етпей-ақ тағайындауды ұсыныпты. "Inbusiness.kz" сайты солай деп жазды. 

Әлгі ақпараттан ұққанымыз, депутат Божконың айтуынша, ауылдарда жоғары білім тек мұғалімдер мен полиция қызметкерлеріне ғана қажет.

-Кезінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ерекше бір бұйрық шығарған. Оған сәйкес, жоғары білімі бар адамдар ғана ауылдық округтердің әкімдері бола алады. Кешіріңіз, ауылдарда жоғары білімі бар тек оқытушылар мен полицейлер ғана. Ал, неге сіз бұл мәселені қайта қарай алмайсыз?-деп сұрапты ол.

Вице-спикер ауылдық округтерде орта білімді, өмірлік тәжірибесі мол адамдар бар екенін де атап өтті. Алайда, ол адамдар ауыл әкімі лауазымына тағайындала алмайды дейді Божко.

-Бірақ сіздің бұйрығыңыз оларды ауыл әкімі лауазымына тағайындауға мүмкіндік бермейді. Мүмкін, кейбір ауылдық аймақтардағы қиындықтарды ескере отырып осы мәселені қайта қарау керек шығар?,- деп қорытындылаған екен.

Депутат Владимир Божконың бұған дейінгі ерсілі-қарсылы ұсыныс-пікірлеріне қатысты сыни мақалалар портал бетінде аз жазылған жоқ. Ал бүгін депутаттың бұл ұсынысын да оқырман талқысына ұсынғанды жөн көрдік.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5440