Сенбі, 23 Қараша 2024
4940 0 пікір 20 Қараша, 2019 сағат 16:01

«Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» атты конференция өтті

2019 жылғы 20 қарашада «Ел-шежіре» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде шетелдік сарапшылардың қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры: ұлттық тарих уақыты» («Ұлы дала халықтарының құндылықтары») ғылыми-практикалық конференциясы өткізілді. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы аясында ұйымдастырылды.

Конференцияның мақсаты – Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласының контекстіндегі жаһандық тарихтағы қазақ халқының рөлін талқылау үшін алаң ұйымдастыру, қазақ халқының тарихи тамырларын қарастыру, қазіргі заманның жаһандық мәселелерін зерттеуде отандық ғалымдардың халықаралық ынтымақтастығының негізгі бағыттарын анықтау.

Аталған конференцияға 170 адам, соның ішінде Түркі тілдес елдерден (Түркия, Татарстан, Қырғызстан, Өзбекстан және т.б.) шетелдік сарапшылар қатысты. Атап айтқанда:

Гатин Марат Салаватович – Тарих ғылымдарының кандидаты, Қазан университетінің тарих және қоғамтану білім беру кафедрасының доценті (Татарстан);

Миңнегулов Хатип Юсупович – Қазан университетінің еңбек сіңірген профессоры, филология ғылымдарының докторы (Татарстан);

Бакашова Жылдыз – Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасның директоры, Еуразия кітапхана Ассамблеясының вице-президенті, профессор (Қырғызстан);

Мусаев Сыртбай – И.Арабаев атындағы ҚМУ Лингвистика институтының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қырғызстан);

Юлдашев Қазақбай – Ташкент Мемлекеттік университеті, Өзбек тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы (Өзбекстан);

Утанова Сирдарехон – Өзбекстан Республикасы Фанлар академиясы, Өзбек тілі мен әдебиеті және фольклоры институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (Өзбекстан);

Назаров Насриддин Атакулович – Ташкент Сәулет-құрылыс институты, философия ғылымдарының докторы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор (Өзбекстан);

Бахадырова Сарыгул – Өзбекстан Ғылымдар академиясының Қарақалпақстан бөлімі ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор (Қарақалпақстан).

Конференцияға сонымен қатар ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Төлеков Елдар Мырзабекұлы, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы Қалқаманов қатысты.

Конференцияны құттықтау сөзімен Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің президенті, профессор Болатбек Серікбайұлы Абдрасилов ашты. Одан кейінгі сөз кезегі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Рухани жаңғыру» бағдарламасын үйлестіру департаментінің директоры Е.М. Төлековке, Түркістан облысы әкімінің орынбасары С.А. Қалқамановқа берілді.

Конференцияның бірінші күні пленарлық және секциялық отырыстар өткізілді. Конференцияның қорытындысы бойынша қарар қабылданып, ғалымдар мен сарапшылар өз ойларын білдірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445