Сенбі, 23 Қараша 2024
3189 0 пікір 21 Қараша, 2019 сағат 10:50

ЕАЭО Қырғызстанның автокөлікті кеденде рәсімдеу жеңілдігі мерзімін созбады

Еуразиялық экономикалық комиссия 19 қарашада өткен жиналысында Қырғызстанның автокөлікке кеден салығындағы жеңілдік мерзімін созбады. Осылайша, 2020 жылы 1 қаңтарда Қырғызстанда автокөлікті кеденде рәсімдеу ЕАЭО тәртібімен жүргізіледі.

2019 жылы 31 желтоқсанда Қырғызстанда үшінші елден әкелінген автокөліктерді кеденде жеңілдікпен рәсімдеу аяқталады. 2020 жылдың 1 қаңтарында Еуразиялық экономикалық одағының тарифтері күшіне енеді.

Автокөлікті кеденде рәсімдеу бірнеше есе қымбатқа түседі. Мысалы, Toyota Camry (2009, қуаты 2,5 литр) автокөлігін қазір 1250 доллармен елге кіргізіп жүр. 2020 жылы ол 13 600 доллар болады.

Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа 2015 жылы тамызда кірді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443