Сенбі, 23 Қараша 2024
3022 0 пікір 21 Қараша, 2019 сағат 10:52

"Заңсыз бүйрек алмастырды" деп күдікке ілінген шымкенттік дәрігер қамалды

Шымкентте полиция №1 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Абылай Донбайды уақытша тергеу изоляторына қамады.

Бұл жөнінде ішкі істер министрлігі хабарлады. Министрліктің мәлімдеуінше, дәрігердің үстінен «Трансұлттық қылмыстық топ жұмысына араласу» және «Адам мүшелерін заңсыз саудалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ведомоство Абылай Донбайдың бүйрек алмастыру операцияларын қомақты қаржыға заңсыз жасағанын мәлімдеді.

«Сотқа дейінгі тергеу кезінде Қазақстанда 2017-2018 жылы адам органдарын заңсыз трансплантация жасаған қылмыстық топ болғаны анықталды. Өзбекстан, Қырғызстан, Украинаның жағдайы төмен азаматтары донор ретінде бүйректерін сатқан. Олардың органдарын жағдайы жақсы шетелдіктер, көбісі Израильден келгендер алған. Ал Донбай қылмыстық топпен алдын ала келісе отырып, әрекетінің заңсыз екенін біле отыра бүйректі алу және оны салу операцияларымен айналысқан. Ол қомақты ақыға заңсыз бүйрек алмастыру операцияларын жасаған» деп хабарлады ІІМ.

Министрлік осыған дейін ұсталған трансплантолог дәрігер Құттымұратов пен қылмыстық топтық мүшесі Қырғызстан азаматы Б.Тайсаловаға қылмыстық іс аяқталып қалғанын мәлімдеді.

Қазақстан заңына сай, қазақстандықтар шетелдіктерге орган беруге тыйым салынған. Қазақстан азаматы тек қазақстандықтарға орган бере алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407