Нұра Матай. Қаддафи 40 жыл отырған тағынан тайып жатыр
42 жыл Ливия Республикасын билеп, төстеген Муаммар Қаддафи тақтан құлаудың аз-ақ алдында тұр. «Әл-Жазира» арнасының ақпаратына сүйене отырып, Батыс баспасөз осындай хабар таратуда.
Көтерілісшілер Ливия мемлекетінің барлық аумағын басып алған көрінеді. «Кейбір ұсақ аудандар мен шағын аймақтарда ғана Қаддафидің жақтастары көтерілісшілерге қарсы тұр» дейді Батыс баспасөзі. Қаддафидің екі ұлы қолға түсіпті. Көтеріліс басшылары олардың бас амандығына ғана кепілдік беріп жатыр. Мемлекеттік телеарна мен радиостанса да көтерілісшілердің «тілінде» сөйлей бастағанға ұқсайды. Бұл - Қаддафидің тақтан құлағанының анық нышаны болса керек. Бүгін АҚШ президенті Барак Обама Муаммар Қаддафиге қантөгісті тоқтатып, қол көтеріп шығуы қажет екендігін ескертіп үлгерді.
Естеріңізге сала кетейік, Қаддафидің өзі ел билігіне төңкеріс жолымен келген болатын.
1969 жылы Ыдырыс патшаны тақтан тайдырған «Ерікті социалист жасөрен офицерлер» қозғалысының тұсында Ливия Араб Республикасы (ЛАР) еді, 1971 жылы төңкерісші әскерилердің басшысы Мұхаммед Қаддафи Ливиядан Ұлы Ливия Араб Жамахириясын «жасап» шығарды. Ливия Республикасы содан бері ресми түрде Социалистік Халықтық Ұлы Ливия Араб Жамахириясы деп аталады.

Ливия Республикасының экономикасына екпін беріп тұрған шаруашылық - мұнай мен газ. Сондықтан да аумалы-төкпелі дүниедегі «Қара алтын» мен көгілдір отынның айнымалы бағасы Ливияның бас ауруы болып келді. Ал халықтың «бас ауруы» - тиымсыз кеткен Қаддафи билігі еді. Тунистен басталған Таяу Шығыс төңкерісінің барысында Ливия көтерілісшілері: «Қаддафи биліктен кетсін!» «Коррупцияға бұдан былай төзе алмаймыз!» деген ұрандар көтеріп шыққан-ды...
«Абай-ақпарт»