Сенбі, 23 Қараша 2024
3705 0 пікір 22 Қараша, 2019 сағат 11:03

Мемлекет басшысы Ерболат Досаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы 10 ай ішіндегі ақша-несие саясатын жүзеге асырудың негізгі көрсеткіштері: төлем балансының алдын ала бағалануы, Ұлттық банктегі алтынвалюта қорының ахуалы мен Ұлттық қордың активтері, сондай-ақ, еліміздегі қаржы нарығының дамуы туралы мәлімет берілді.

Ерболат Досаев «7-20-25» ипотекалық тұрғын үй бағдарламасының, экономиканың басым бағыттарына жеңілдетілген несие беру ісінің іске асырылуы, екінші деңгейлі банктердегі активтердің сапасына тәуелсіз бағалаудың жүргізілуі жайында баяндады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру және олардың бір бөлігін басқару үшін жеке компанияларға беру жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент бірқатар тапсырма берді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407